Мағжан Жұмабаев - Қазақ тілі мен әдебиет <!--if(Рефераты на казахском языке)-->- Рефераты на казахском языке<!--endif--> - Рефераты на казахском языке - Рефераты на казахском и русском языках
Среда
20.08.2014
20:30
Категории каталога
Қазақ тілі мен әдебиет [172]
Мемлекет және құқық [48]
Педагогика, психология [26]
Дін [1]
Физика, астрономия [24]
Математика [6]
Химия [20]
Философия, социология [21]
Медицина [2]
Тарих [136]
География, геология [38]
Саз-әуен (Музыка) [6]
Информатика [38]
Мәдениеттану [5]
Биология, экология [46]
Экономика [80]
Спорт [3]
Саясаттану [3]
Валеология [8]
Тесттер, билеттер [28]
Бейнелеу өнері [2]
Өндіріс [15]
Форма входа
Поиск
Мировые новости
Статистика

Онлайн всего: 0
Гостей: 0
Пользователей: 0
Мини-чат
200
Рефераты на казахском и русском языках
Главная » Файлы » Рефераты на казахском языке » Қазақ тілі мен әдебиет [ Добавить материал ]

Мағжан Жұмабаев
[ Скачать с сервера (16.9Kb) ] Скачивать могут только зарегистрированные пользователи 08.01.2009, 17:57

Мағжан Жұмабаев

(1893-1938) – қазақтың ұлы ақыны. Ол қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы, Булаев ауданының «Молодежный» совхозы жеріндегі Сасықкөл мекенінде іргелі, әйгелі шаңырақта дүниеге келген. Өз әкесі Бекен, бабалары Жұмабай қажы, Шонай, Өтеген, Өтеміс – бәрі де исі Атығай ішінде даңқы шыққан белгілі, көшелі кісілер. Мағжан өзімен емшектес Мүсілім, Қаһарман, Мұқаметжан, Сәлімжан, Қалижан, Сабыржан, Күләндам, Гүлбарам деген бауырларымен құлын-тайдай тебісіп, анасы Гүлсімнің бауырында ауыл баласының қызықты, романтикаға толы тәтті, қимас шағын бірге өткізген. Кәрім, Мұқаметжан молдалар, Данияр қажы, Ахитден мұғалім – болашақ ақынның тілін сындырып, хат танытқан, арабша, парсыша, түрікше, орысша оқытқан алғашқы ұстаздары. Алдымен Қызылжарда медресе де Хасен молдадан дәріс алған Мағжан Уфа қаласына барып, медресе Ғалияда татар халқының ұлы жазушысы Ғалымжан Ибрагимовтан оқыды. Алғашқы әдеби тәжірибе басталып, тырнақалды, көк қауырсын жырлар тудырды.

 Жаңа заман рухы бойын билеген, тырнақалды «Шолпан» (1912 ж., Қазан) кітабы шыққан асау жүрек, жас сұңқар орысша білім алуға ерекше талаптанып, 1913 ж. Омбы қаласына келіп, семинарияға түседі де, оны 1916 ж. бітіріп шығады. Бұдан кейін ел өміріндегі ұлы оқиғалар жас азаматты көгала толқынана тартып әкетеді. Үш революция дүмпуі, Алаш қозғалысы, адасулар, дүниетанымдағы сілкіністер, коғамдық-әлеум. Тартыстардың поэзиядағы көріністері, жеке бастағы шырғалаңдар – осылардың баршасын көре жүріп, Мағжан да 1919 жылдың көктемінен бастап, жаңа құрылысқа бел шешіп, білек сыбанып кіріседі. Қызылжардағы «Бостандық туы» газетінде редактор болды Февраль революциясынан кейін қазақ интеллигенциясында атағы шыққан Жұмабаев облыстық «Алаш» партия комитеті құрамына кіреді. М. Жұмабаев өзінің шығармашылық жолының (1917-1924) екінші этапында журналистикамен шұғылдана бастайды. 1922 жылы «Педогогика» еңбегін шығарады. Бір уақыттарда, Омск қаласында шығарылған «Бостандық туы» газетінің редакторы болады, ал 1921 жылдан бастап Петропавловскіде.

 (1919 ж.), Ташкентте Қазақ-қырғыз институтында сабақ береді (1922 ж.), сонда жүріп «Батыр Баян» поэмасын шығарады. Түркістан туралы өлеңдер, Ақан-Сері, Бұхар-жырау туралы мақалалар жазады. «Ақ жол», «Шолпан» газеттерімен қымет жасайды. 1923-26 жылдары Мәскеудің көркем –әдебиет институтында аудармашы ретінде жұмыс істейді. 1927 жылғы жазда Петропавловск қаласында оқытушы жұмысымен шұғылданады. В. Я. Брюсов атындағы көркем әдебиет институтында оқиды (1928 ж.), Бурабайда техникумда, Қызылжарда кеңес-партия мектебінде сабақ береді. 1929 ж. жазықсыз жала жабылып, түрмеге қамалады, содан Карелияға жер аударылады. М. Горькийдің және оның әйелі Е. Пешкованың араласуымен 1936 ж. айдаудан босап шыққанымен, қайта ушыққан репрессия тырнағына ілініп, жазықсыздан жазықсыз 1938 ж. 19 наурызда атылып кетеді.

 1989 жылы жарық көрген Қазақ Академиясының әдебиет және өнер институты дайындаған «Шығармалары» басылымында Ж. Аймауытовтың М. Жұмабаевтың поэтикасы туралы қосымша мақаласы бар. Мақалада 1923 жылы Ташкент студенттері алдында айтылған мәтін бар. Аймауытов Мағжанның шығармасын бағалай отырып, ақыннан өзімшілдік, идеализм кінәсін түсіріп қорғағысы келеді.

 Жұмабаев ақын тұрғысында лирика шебері. Оның «Менің тілегім», «Сүйемін», «әй, Сәрсембай», «Қараңғы боранды түн» секілді өлеңдері қазақ поэзиясының байлығы. Мағжан әдебиетті дамытуда көптеген пайдалы шығармалар жазды.

 Мағжан Жұмабаевтың әдебиеттік мұрасы уақыт сынауынан өтті. Басқа классиктердің шығармаларының қатарын құрай отырып, олардың ажырамас бөлігіндей қазақтың поэтикалық мәдениетінің тарихына кірді.

Категория: Қазақ тілі мен әдебиет | Добавил: refkaz
Просмотров: 16550 | Загрузок: 1357 | Комментарии: 20 | Рейтинг: 3.9/21 |
Всего комментариев: 20 1 2 »
20 НЯШКА   (15.01.2014 23:19)
УРРРРРРРРРРАААААААААААА РЕФЕРАТ 5555555 КЛАССССС СПАСИБО БОЛЬШОЕЕЕЕ)))))))))))))))))))))))

19 Бекзат   (11.04.2012 21:36)
Мағжан кокеміз мына жерде красавчик боп тур ә!

18 Бекзат   (11.04.2012 21:31)
Достар кандай сайттан магжан туралы слайттар табуга болады!Мына жерде іштері куген біреулер да не в тему деп жаткан!!!!!!!!!!!!!

17 Aiz   (18.03.2012 18:00)
Tamawa wygarma:-)))

16 дана   (14.03.2012 15:25)
риза емеспін,фу

15 Салта   (10.03.2012 17:30)
хм))))))

14 нурай   (01.03.2012 22:55)
suiemin atti olendi taba almadim birak baska malimetterinizge bazar jok eken rahmet birak kelesi joli bundai katelikter bolmaidi dep umittenem

13 Ерлан   (28.04.2011 19:31)
Кетшей ари жарым

12 Алихан   (28.04.2011 10:59)
Раха )))

11 Мейрбек   (22.04.2011 19:38)
Рахмет за реферат,,базар жок ризамын,,,,

1-10 11-20
Имя *:
Email:
Код *: