Мұхтар Әуезов - Қазақ тілі мен әдебиет <!--if(Рефераты на казахском языке)-->- Рефераты на казахском языке<!--endif--> - Рефераты на казахском языке - Рефераты на казахском и русском языках
Четверг
18.12.2014
11:27
Категории каталога
Қазақ тілі мен әдебиет [172]
Мемлекет және құқық [48]
Педагогика, психология [26]
Дін [1]
Физика, астрономия [24]
Математика [6]
Химия [20]
Философия, социология [21]
Медицина [2]
Тарих [136]
География, геология [38]
Саз-әуен (Музыка) [6]
Информатика [38]
Мәдениеттану [5]
Биология, экология [46]
Экономика [80]
Спорт [3]
Саясаттану [3]
Валеология [8]
Тесттер, билеттер [28]
Бейнелеу өнері [2]
Өндіріс [15]
Форма входа
Поиск
Мировые новости
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
Мини-чат
200
Рефераты на казахском и русском языках
Главная » Файлы » Рефераты на казахском языке » Қазақ тілі мен әдебиет [ Добавить материал ]

Мұхтар Әуезов
[ Скачать с сервера (12.4Kb) ] Скачивать могут только зарегистрированные пользователи 08.01.2009, 22:01

Мұхтар Әуезов

Әдебиетті дамытуда зор үлес қосты. Алғашқы қазақ роман-эпопеясын негізін қалаушы, драматург, орыс және еуропа классикасын аудармашы, ұлы жазушының таусылмайтын әдеби мұрасын жазған шын ғалым.

 Мұхтар Омарханұлы Әуезов 1897 жылы 28 қыркүйекте Семей облысы абай ауданының Шыңғыстау етегінде дүниеге келген. Болашақ жазушы Абайдың жан әсерімен өскен. Әкесі Омархан мен атасы Әуез көршісі және отбасының досы ұлы ақынды өте жоғары бағалаған.

 Атасы Әуез немересін тәрбиелеуге көп күш салған. Ол халық эпосы шағармаларын сарқылмай әңгімелеуші болған, немересін сауаттылыққа үйреткен, Мұхтарды әдебиетке, Абай поэзиясына деген сүйіспеншілікке баулыған.

 Абай поэзиясы баланың жан дүниесіне жарқын ой мен сезім оятты және оның шығармашылық тағдырына үлкен әсер етті. Осының салдарынан М. Әуезов өзінің атын ұлы Абайдың атымен байластырған.

 Мұхтар басында туған ауылында, содан соң – Семейдегі мұсылман медресесінде оқыған. Ол бес жасында-ақ бес сыныпты қалалық училищеге ауысқан. Мұхтар үздік оқыған. Ол өте әдепті, әуесқой, сыныптастары мен мұғалімдері арасында құрметті болған.

 М. Әуезов (1915) қалалық училищені бітірген соң, Семейдегі мұғалімдер семинариясына түскен. Ол осы жерден бастап орыс және шетел классикасымен таныса бастаған. Әуезов сол кезде-ақ жариялана бастаған кішігірім әңгімелер, өлеңдерді жазған.

 М. Әуезовтың алғашқы ірі шығармасы «Еңлік-Кебек» пьесасы үшін (1917) жас автор феодалдар дәстүрі мен ұнамының қатаң критикасына ілінген еді.

 М. Әуезов Семейдегі губерния атқару комитетінде және Орынбордағы КазЦИК-те әртүрлі постпен айналыса жүріп мемлекеттік жұмыстың үлкен мектебінен өткен. Ол жиырмасыншы жылдары бірінші драманы тематикалы жағынан жалғастыратын көптеген әңгімелер мен пьесалар («Қарагоз» және т. б) , сондай-ақ орыс және француз тілдеріне аударылған және оқырмандардың жоғары бағасын жеңіп алған «Қараш-Қараштағы жағдайлары» повестін жазған.

 М. Әуезов 1928 жылы Ленинград университетінің филология факултетін, сосын – Ташкенттегі университет жанындағы аспирантураны бітіреді. 30-ыншы жылдары жазушы-кәсіпқойдың жемісті қызметі басталады. М. О. Әуезов ел ішін көп кезген, адамдармен танысып, өмірді жете білген.

 Әуезовтың шығармаларымен драматургияның гүлденуі байланысты. Ол жиырмадан астам пьеса, сондай-ақ, Н. Гогольдің «Ревизоры», У. Шекспирдің «Отелло» мен «Укрощение строптивой», Н. Погодиннің «Аристократы», К. Треневтің «Любовь Яровая», А. Кронның «Офицер флота» секілді әлемдік және орыс драматургиясының классикалық шығармаларын қазақ тіліне аударған.

 Әуезовтың қазақ халқының ауызша – ақындық шығармаларын, «Манас» эпосын, Абайдың және басқа да классиктердің шығармалары зерттеулері әдебиеттануда зор үлес қосты. Оның әдеби мұрасының шыңы - көп томды «Абай жолы» эпопеясы. Жазушы өмірінің соңғы жылдары біздің замандастарымыз туралы – «Племя младое» жаңа эпопеясын жазып шығару үшін жұмыс жасаған.

 М. Әуезов әдебиетке бірден, бірінші ағындағы жұлдыз ретінде келді. Оның пьсалары, 10-20 жылдарғы «Еңлік-Көбек», «Қарагөз», «Байбіше-тоқал», «Судьба беззащитной», «Разборчивая невеста»» «Красавица в трауре», «Серый лютый», «Выстрел на перевале», «Лихая година» әңгімелері мен повестері жас жазушының талантының кемелдігі туралы куә. Белгілі және игерілген тақырып – революцияға дейінгі қазақ ауылының өмірі мен тұрмысы, қорғаусыз адамның тағдыры мен оның қарсыласуы – М. Әуезовте жаңа жан жарығымен ашылып тұр.

 М. Әуезов Ұлы Отан соғысы жылдары жалықпастан көп еңбек еткен. 1942 жылы ол әйгілі «Абай жолы» эпопеясының бірінші томын шығарған.

 «Абай жолы» - әлем өнерінде өте ірі үлес. Роман-эпопеяны жасау автордан Абай өмірі, оның замандастары және сол кездер туралы материал жинау бойынша зор дайындық жұмысын талап етті.

Романның бірінші кітабы (1942) Абайдың жастық шағына, екіншіс і– (1947) Абайдың ақын болуына арналған. Бұл кітаптар 27 жылға созылған жағдайларды қамтиды. Үшінші (1952) және төртінші (1956) кітаптар ақынның соңғы жиырма жалына арналған.

 Романның ортаңғы тақырыбы – қазақ халқының орта ғасырдан болашақ қоғамның орнығуына дейінгі жолы.

 «Абай жолы» қазақ халқының өмірінің төл энциклопедиясын құрайтын және қазақ әдебиетінің ғасырдан-ғасырға дамуын ұлғайтытын ұнамдылық және эстетикалық әсерге мол талпыныс береді. Леонид Соболев : «Бұл романда өмірдің өзі. Сондықтан да бұл кітап өмірдің өзі сияықты ғасырлар бойы өмір сүреді.» деген.

Категория: Қазақ тілі мен әдебиет | Добавил: refkaz
Просмотров: 25936 | Загрузок: 1514 | Комментарии: 24 | Рейтинг: 3.5/17 |
Всего комментариев: 24 1 2 3 »
24 азаза   (12.02.2014 18:10)
ШЕШЕН СИНЕИН НАХУЙ

23 АЗАЗЗА   (12.01.2014 20:43)
ШЕШЕН СГИН НАХУЙ

22 Дина   (03.05.2013 10:30)
как тут скачать?

21 наргиз   (22.11.2012 09:37)
тупой

20 Gulzira   (24.09.2012 14:49)
почему информация заблокированна. Итак-то казахстанские сайты не развиты еще и блокировать нечего.

19 гузеля   (30.05.2012 18:13)
manga referat kerak

18 гузеля   (30.05.2012 18:12)
wefrgrdfgdf

17 San:Di*   (14.03.2012 17:40)
maShaAllah** Allah razy bolsyn,kop koMeGi tIDi..)

16 bakitzhan   (09.02.2012 09:29)
kop kop rakmet birak keregi bul emes

15 sultan   (07.02.2012 10:33)
balbani

короче говоря скачевается,но казахские буквы не показывают

1-10 11-20 21-24
Имя *:
Email:
Код *: