Ахмет Байтұрсынов
Ахмет Байтұрсынов – ақын, ғалым, түрік тілін танушы, аудармашы, педагог, публицист, қоғамдық қайраткер. Ол сталин репрессиясына ұшырап, жалғанның жемтігі болды , оның аты жарты ғасырдан аса Қазақстан тарихында орын алмады. Тарихта көзге түскен ақтай ысырылып тасталған соң ғана, Шәкәрім Құдайбердиев сияқты басқа да қайраткерлердей халыққа аты кейін қайтарылды.
А. Байтұрсынов 1873 жылғы 28 қаңтарда қарапайым шаруаның отбасында Торғай уездінің Сартүбек қыстауында дүниеге келген. Оның әкесі Байтұрсын халық батыры Үмбетайдың тегінен шыққан, батыл, ақылды адам болған. Ол жергілікті феодалдар мен хан үкіметінің құқықсыздығына келіспей қазақ ауылында кикілжіңдерге жиі қатысқан, сондайда бір уезд бастығының басын жарып інісімен екеуі 15 жылға сотталып Сібірге жіберілген. Үкіметтің әкесінен, туған-туыстарынан және оларды қолдаған ауылдастырынан кек алуы болашақ ақынға улы әсер қалдырады.
Ахмет ауыл молласында оқып сауат ашады. Ол 1886 жылы Торғайдағы екі сыныпты орыс- қазақ училищесіне оқуға түседі, содан соң Орынбордағы қырғыз мүғалімдер училищесінде оқып, оны 1895 жылы бітіріп шығады. Ауыл арасында ұстаздық етеді.
1905-1907 жылғы революция өзгеріс әкелетініне сеніп алық толқуларына белсене қатысады, демонстранттар алдында сөз сөйлейді.
1913-1917 жж. А. Байтұрсыновтың өміріндегі белгілі кезең. Ол сол кезде Орынборда жалғыз қазақ тілінде ғана шығатын «Қазақ» газетінің редакторы болады. Газетте бірнеше мақалалар жариялайды.
Февраль және Октябрь революциясының дауылды жылдары ресей және қазақ интеллигенциясының басқа да өкілдері секілді Байтұрсынов та бірден болған жағдайдың мән-жайын түсіне білмеді. Ол көп кешікпей оңшыл ұлттық партияның қазақ халқын жойып жіберуі мүмкіндігін түсініп, 1919 жылы кеңес үкіметі жағына шығады. Қазақ өлкелерін басқару бойынша Революция комитетінің жұмысына қатысады. В. И. Лениннің қолы қойылған мандатты алып, қазақ халқының мемлекеттігін дайындауға зор үлес қосады. Қазақ кеңестік республикасы құрылған соң, үкімет мүшесі бола жүріп , республиканың ағарту халық комитетінде жұмыс істейді. Одан соң «Ақ жол» газетінде, халық ағарту Комиссариаты жанындағы Қазақстанның академиялық орталығында жұмыс істейді. Тіл білімі мен әдебиеттану бойынша бір қатар еңбектер жазады. Сол ауыр жылдары отыз шақты мемлекеттік және мәдениет қайраткерлерімен бірге 1929 жылы еш негізсіз тұтқындалады, түрмеде отырады, содан соң оны Архангельскіге жер аударған. М. Горькийдің араласуымен, Халықаралық Қызыл Кресттің көмегімен түрмеден босатылады, бірақ 1937 жылы екінші рет тұтқындалады, кешікпей ату жазасы шығарылады. Тек жырты ғасыр өткен соң ғана 1988 жылы кеңес соты қылмыстық болмағаны туралы шешім қабылдап, ақиқат орнады. Қазақ халқының мәдени өкілдерінің тағдардыры осылай ауыр болды. Ұстаздық ете, ғылыммен шұғылдана жүріп, қоғамдық жұмысқа белсене қатысып А. Байтұрсынов көркем сөздер айналасында жемісті еңбек етті.
19-20 ғасырлар тұсында қазақ әдебиетінің басты проблемасы қазақ қоғамының даму жолындағы жағжайы ұлттық мәселе болды. Ахмет Байтұрсынов әдебиет процесіне өзінің өлеңдері мен аудармалар жинағын «Қырық мысал», «Маса» және фольклор үлгілі басылымдарын, ғылыми-теоретикалық мақалаларда, еңбектерде, оқулықтарда қазақ әдебиетінің тарихы мен теориясы проблемаларын өңдеуде белсене көңіл бөлді.