Суббота
01.11.2014
13:52
Категории каталога
Қазақ тілі мен әдебиет [172]
Мемлекет және құқық [48]
Педагогика, психология [26]
Дін [1]
Физика, астрономия [24]
Математика [6]
Химия [20]
Философия, социология [21]
Медицина [2]
Тарих [136]
География, геология [38]
Саз-әуен (Музыка) [6]
Информатика [38]
Мәдениеттану [5]
Биология, экология [46]
Экономика [80]
Спорт [3]
Саясаттану [3]
Валеология [8]
Тесттер, билеттер [28]
Бейнелеу өнері [2]
Өндіріс [15]
Форма входа
Поиск
Мировые новости
Статистика

Онлайн всего: 0
Гостей: 0
Пользователей: 0
Мини-чат
200
Рефераты на казахском и русском языках
Главная » Файлы » Рефераты на казахском языке » География, геология [ Добавить материал ]

Байқоңыр ғарыш айлағы
[ Скачать с сервера (13.1Kb) ] Скачивать могут только зарегистрированные пользователи 18.01.2009, 16:34

Байқоңыр ғарыш айлағы

 

Қазіргі кездегі қоғамның дамуы айналадағы қоршаған ортаны пайдаланумен тікелей байланысты, яғни адамзат тіршілігіне қадетінің барлығын табиғаттан алады. Бұл жағынан алғанда табиғат – табиғи қажеттілікті қамтамасыз ететін таңғажайып құбылыс. Ғылым мен техниканың жетілуі, өндірістің қарқындап дамуы, жерасты қазба байлықтарын кеңінен пайдалану, транспорт түрлерінің көбеюі қоршаған ортаны түрлі химиялық қосылыстармен ластауда.

Мұндай химиялық қосылыстардың көбінің токсиндік және концерогендік қасиеттері биосфералық тепе-теңдіктің бұзылуына, климаттың өзгеруіне, ауылшаруашылық өнімдер өнімділігінің төмендеуіне және халықтың денсаулығының нашарлауына әсерін тигізеді.

Токсиндік және концерогендік қосылыстар клетка құрамына еніп, ДНК молекуласына әсер етеді, хромосомаларын бұзып, нәтижесінде ағзалардың тіршілік ету қабілеттігін төмендетеді.

Адамзат баласы қазіргі кезде шамамен 70 мыңға жуық химиялық қосылыстарды пайдалануда, осы көрсеткішке жылына 500-1000-ға жуық химиялық қосылыстар қосылып отырады.

Әрине, бұл қосылыстар атмосфералық ауа, топырақ, су, өсімдік арқылы адам ағзасына қайта жинақталып, белгілі бір мөлшерде әсір ететіні белгілі.

Табиғи ортаны зиянды заттармен ластайтын орындардың бірі – ғарышқа зымырандар ұшыратын әскери-өндіріс кешендерінің жұмысы.

Қорғаныс министрлігінің негізгі экологиялық мәселелер жөніндегі тізімі бойынша табиғаттың ғарыш зымырандарынан ластануы әскери техникалар мен қару-жарақтарды жою және радиоактивті ластанудан кейін үшінші орын алады.

Ғарыштық аппараттарды ұшыратын ғарыш айлағының бірі – «Байқоңыр».

«Байқоңыр» ғарыш айлағы Қазақстан Республикасының оңтүстік-батыс бөлігінде, Қызылорда облысының территориясында орналасқан, жалпы көлемі 6,7 мың км2 жерді алып жатыр.

Аймақтың рельефі – тұздытопырақты, жылжымалы құмды төмпешіктерден тұрады. Өсімдік түрлері көп, біпақ сирек орналасқан, негізінен эфермелерден тұрады, шілде айының ортасына дейін сақталып, сонан соң күйіп кетеді. Бір жылдың үш жүз күнінде жел соғып, оның 17-38 күнінде шаңды борандар тұрады.

Көптеген ғылыми зерттеулер ауа ылғалдылығының төмендеуін, жылдың әр мезгілінде температураның күрт өзгеруін ғарыш ұшу аппараттарының жұмысымен байланыстырады.

Алғашқы (1981 – 85 жж.) эксперименттік бақылаулар қуатты ғарыштық ұшу аппаратының «Спейс - Шаттл» немесе зымыран жеткізгіш «Сатурн - 5» аппаратының ғарышқа ұшыру кезінде Канаверал – Европа жағалауымен Солтүстік Атлантаға дейінгі аралықтың ауа ағынының (циклон) өзгеруін, ал  жылдың жылы уақытында (жаздық) «Плесецк» ғарыш айлағынан ұшырылатын қуатты ұшу аппаратының әсері бұрынғы Одақ территориясының Орталық Европалық  бөлігіне және солтүстік-батыс облыстардың атмосфералық ауа ағынының активтілігінің жоғарылауына әсерін тигізетінін дәлелдейді.

Қуатты ғарыш ұшу аппараттары ұшырылатын «Байқоңыр» ғарыш айлағына жақын орналасқан аймақтарда ауа райы күрт бұзылып, 3-5 тәулікке дейін боранды құм суырып, жел болып, температураның (0-60С) төмендеу процесі жиі байқалатыны белгілі.

Бұл процесс суы тартылып, табаны кеуіп, тұзға айналған Арал аймағы үшін қаншалықты кері әсері барын айтпасқа болмайды.

«Байқоңыр» ғарыш айлағы орналасқан аймақтың басты экологиялық мәселесі – Арал теңізі деңгейінің төмендеуі және жердің тұзданып құрғақшылыққа айналу процесі. Сондықтан ғарыш айлағының жұмысы қоршаған ортаға қосымша кері әсерін тигізуде.

Ғарыш ұші аппаратының қоршаған ортаға басты зиянды әсері ауа ағынын (циклон) күшейтумен шектеліп қоймайды, түріне қарай салмағы 3,2 тоннадан – 16,2 тоннаға дейін болатын зымырандардың жағар және жанармай қалдықтары құрамында химиялық токсидті қосылыстардың болуында.

Соңғы 30 жылдың көлемінде осы салаға қатысты мамандар химиялық жанармай мен жұмыс істейтін зымыран двигательдерінен бөлінетін қалдықтардың атмосфераның төменгі қабатына ауқымды масштабта зиянды әсерінің жоқтығын дәлелдесе, 40 жылдан бері жинақталған мәліметтерге қарағанда олардың зиянды әсерлерін анық көруге болады.

Ғарыш айлағынан ұшырылатын зымыран жеткізгіштердің двигателіне пайдаланылатын жанармайына нақтырақ тоқталсақ:

1.                            Азоттетраоксиді (АТ) және азот қышқылы тотықтырғыштарымен симметриясыз диметилгидрозин (СДМГ);

2.                            Сутегі асқын тотығы мен сұйық оттегі тотықтырғыштарымен көміртегі (РТ-1, РГ, Т-1) жанармай, бұл қосылыс жұмысын аяқтаған бөлшектің жерге құлауы кезінде буланып оттегі және сутегіне айналып кетеді. РТ-1 және осы тектес басқа қосылыстар қоршаған ортаға керосин және бензин тәрізді әсер етеді, ал симметриясыз диметилгидрозин (гептил) қауіптілігі жағынан бірінші класқа жататын химиялық токсинді қосылыс.

Толығырақ тоқталар болсақ, зымыранның сұйық жанармай компонентіне кіретін «гептил» азотты органикалық қосылысы гидрозин туындыларына жатады. Химиялық құрамына сәйкес симметриясыз диметилгидрозин активті тотықсызданғыш, әртүрлі тотықтырғыштарда оңай тотығып, тетраметилтеразен (ТМТ), нитрозодиметиламин (НДМА), диметилметиленгидрозин (ДММГ), диметиламин (ДМА), формальдегид (ФА), су, азот,аммиак және басқа өнімдерге айнала бастады.

Симмтриясыз диметилгидрозин және оның алкилгомологтарының тез тотығуы тотықтырғыштардың түріне және концентрациясына байланысты. Мұндай тотықтырғыштардың қатарына (су, ауа, топырақ, температура) активті металдар Cu, Fe, Cr, Mn және олардың оксидтері, пассивті металдар Al, Ni, Mg және олардың оксидтері жатады.

Бұл металдарға аймақтың топырағы бай екенін ескеруіміз қажет.

Ғарыш айлағының жұмысы қоршаған ортаға мынадай кері әсерін тигізеді:

-         ұшу процесінен кейін, атмосфераның табиғи режимі бұзылады;

-         атмосфераны және жер беті қабаттарын токсинді зымыран жанармайының қалдықтарыман ластайды;

-         атмосфераның озон қабатын бұзады;

-         территорияларды ұшу аппараттарының қалдықтарымен, сынықтарымен зақымдайды;

-         қышқылды жаңбырдың жаууына себепші болады;

-         ауқымды масштабта температураның жоғарлауына әсерін тигізеді.

Қауіптілігі жағынан бірінші класқа жататын симметриясыз диметилгидрозиннің биологиялық объектілерге әсері жөніндегі қазыіргі түсініктер толық мәліметтер бере алмайды.

Зымыран жанармай компоненттеріне кіретін токсинді қосылыстардың табиғи жағдайдағы микробтар мен өсімдіктерге әсері туралы түсініктер мүлдем жоқ. Сондықтан осы бағыттағы зерттеулер қазіргі кезде аса өзекті мәселелерге жатады.

Лабораториялық жағдайда жүргізілген зерттеулердің нәтижесі өсімдіктердің бойының қысқа болып, кейбір морфологиялық өзгерістер байқалып, ауылшаруашылық өсімдіктерінің сапасы нашарлап және өнімділігінің төмендейтінін көрсетеді.

Мысалы, сандық мәліметтерге тоқталсақ, 50 км биіктікте зымыран «Спейс - Шаттл» 150 тонна көмір оксидінғ, 500 тонна су және сутешін бөледі, осындай биіктіктегі «энергия» ұшу аппараты 740 тонна көміртегі оксидін, 750 тонна су және сутегін бөледі. Қысқа қашықтықта (1 км) мұндай қалдықтар жасанды бұлт түзіп, қышқылды жаңбырға айналады және ұшыру аймағынан 200 км2 қашықтыққа дейінгі аймақтың ауа райын өзгертеді. «Байқоңыр» ғарыш айлағынан ұшырылатын «Протон» зымыран жеткізгішінің бір рет ұшырылуына 180 тонна гептил құйылады. Ғарыш айлағы жұмыс жүргізгеннен (1956 ж) бастап мұндай «Протон» зымыран жеткізгішінің 260-тан астамы ұшырылған.

Көп сатылы «Протон» зымыран жеткізгішінің алғашқы блогы (алты бакты блок болады)  жұмысын аяқтап, жерге құлағанда 1,5 тоннадан – 3,5 тоннаға дейін гептил қалдығы жерге төгіледі. Сонда бір рет ұшырылғанда, орта есеппен 2 тонна гептил жерге төгілгенде, 44 жылда 520000 тонна гептил төгіледі. Экологиялық қауіпсіздікті сақтадық дегеннің өзінде, Қазақстан Республикасының ұлттық аэрокосмостық агенттігінің мәлімдеуінше, қазіргі кезде зымыран жеткізгішінің жерді зақымдайтын гептил мөлшері 150-200 литр шамасын құрайтыны анықталған.

Қоршаған ортаның және халықтың экологиялық қауіпсіздігін нығайтып, қазіргі кездегі өзекті мәселелерді шешу көптеген жұмыстардың атқарылуын талап етеді. Ал бұл мақсатқа жету үшін мынадай шараларды орындау қажет:

-         қуатты зымырандардың ұшырылуын сирету;

-         егінді жинау және бау-бақшалардың гүлдеуі кезінде токсинді химиялық қосылыстарды бөлетін зымырандарды ұшырмау;

-         токсинді зымыран жанармайларын сақтауда және тасымалдауда қауіпсіздік шараларын сақтау;

-         аймақтың суы, топырағы, өсімдіктеріне жан-жақты зерттеу жұмыстарын жүргізу;

-         зымыран бөлшектері құлайтын аймақтардағы халықтың денсаулығын медициналық тексерулерден өткізу т.б. жұмыстар атқарылуы қажет.

Қорыта айтқанда, біз атмосфералық ауаға «Байқоңыр» ғарыш аймағынан ұшырылатын зымырандардың  жанармай қалдықтары мен Арал теңізінен көтерілетін тұздың қоршаған ортаға әсері туралы толық мәліметтерді зерттеу қажет екендігін баса айтқымыз келеді.

Сондықтан жалға берілген Қазақстан территориясындағы ғарыш айлағын бақылау, болжау, зерттеу жұмыстарын қарқынды жүргізу қажет.

 

Деректер

 

Біздің облыс аймағында әлемдегі ең ірі экологиялық қауіпті үш  объекті – Семей ядролық сынақ полигоны, Сарышаған әскери полигоны және «Байқоңыр» ғарыш айлағы орналасқан.

«Байқоңыр» пайдалануға берілген  уақыттан бері 1300-ге жуық зымыран ұшырылған.

Ақтоғай ауданы жерінің 37 %-ы, Шет ауданы жерінің 93 %-ы, Жаңаарқа ауданы жерінің 37 %-ы, Ұлытау ауданы жерінің 74 %-ы «Протон» зымырантасығышының отыны – гептилмен ластанған.

Гептил – адам және жануарларға концерогендік және мутагендік әсері бар улы зат.

«Протон» зымырантасығышының алғашқы сатысына (5 сатылы) 500 тонна гептил отыны толтырылса, оның бөлініп, жерге құлайтын бөлшегінде 10-30 тонна отын жанбай қалады.

Гептилдің концентрациясы бір текше метр ауада – 0,001 мг., ал 1 кг топырақта 0,1 мг болғанда ғана зиянсыз.

«Қазмехонобр» кәсіпорнының 1994 жылы жасаған есебіне қарағанда, зымыранның бірінші сатысы құлайтын жерлердегі малдың еті мен сүтіндегі гептил мөлшерден ондаған есе асып кеткен.

Республика аумағындағы 47 аймаққа зымыран қалдықтары түсетін болса, соның 39-ы біздің облыстың үстінде.

 

Апаттар

 

1996 ж. 14 мамыр – «Союз» зымырантасығышы құлады.

1997 ж. 20 мамыр – «Зенит» зымырантасығышы құлады.

1999 ж. 5 шілде – «Протон» зымырантасығышы құлады.

1999 ж.  – «Протон» зымырантасығышы құлады.

(Негізінен осындай 37-38 апат болған, бірақ нақты дерек жоқ).

 

Тарихи анықтамалар

 

1955 ж. 12 ақпан – «Байқоңыр» ғарыш айлағын салу жөнінде шешім қабылданды.

1955 ж. 12 мамыр – кешеннің құрылысы басталды.

1957 ж. – «Р-Э» зымыраны ұшырылды.

1961 ж. 12 сәуір – Тарихта тұңғыш рет ғарышқа адам ұшты. Ю. Гагарин ғарышта болып қайтты.

1991 ж. 2 қазан – Қазақтың тұңғыш ғарышкері Т. Әубәкіров ұшты.

1957-95 жж. – Айналадағы ортаға және халық денсаулығына кері ықпал туралы деректер шектеліп келді.

1997 ж. 4 қазан – Ресей Федерациясы «Байқоңыр» кешенін жалға (аренда) алған жағдайда оның аймағындағы экология және табиғатты пайдалану мәселесі жөніндегі келісімге қол қойылды.

1998 ж. 21 қазан – табиғатты қорғау заңының бұзылуын болдырмау жөніндегі Қызылорда облыстық қоршаған ортаны қорғау басқармасы ұйғарым шығарды.

1998 ж. қараша – 1999 ж. мамыр ұйғарымды орындау туралы Ресей жағымен хат алмасылды. Ресей жағы ұйғарымның барлық тармақтарын орындайтындығы туралы хабардар етті.

1999 ж. 29 наурыз – Ресей-Қазақстан комиссиясы кездесіп, бірлескен хаттамаға қол қойды.

1999 ж. 2 шілде – Қызылорда облыстық қоршаған ортаны қорғау басқармасы ғарыш айлағынан зымырантасығыштардың ұшуына тыйым салынатыны туралы Ресей жағына ескерту хат жолдады.

1999 ж. 5 шілде – Ақаумен ұшырылған «Протон» зымырантасығышы Қарқаралы ауданының жеріне құлады.

1999 ж. 27 қазан – «Протон» зымырантасығышының апаты. Оның сынықтары Атасу поселкесінің жанына құлады.

1999 ж. 18 қараша – келісімдерге қол қойылды. Келген шығынның орнын толтыру Ресейден талап етілді.

Категория: География, геология | Добавил: refkaz
Просмотров: 7086 | Загрузок: 631 | Рейтинг: 5.0/2 |
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email:
Код *: