Turbo Pascal-дағы жолдық қатарлар - Информатика <!--if(Рефераты на казахском языке)-->- Рефераты на казахском языке<!--endif--> - Рефераты на казахском языке - Рефераты на казахском и русском языках
Вторник
07.02.2012
23:43
Категории каталога
Қазақ тілі мен әдебиет [112]
Мемлекет және құқық [36]
Педагогика, психология [9]
Дін [1]
Физика, астрономия [19]
Математика [5]
Химия [14]
Философия, социология [12]
Медицина [1]
Тарих [57]
География, геология [20]
Саз-әуен (Музыка) [2]
Информатика [31]
Мәдениеттану [5]
Биология, экология [38]
Экономика [62]
Спорт [1]
Саясаттану [3]
Валеология [8]
Тесттер, билеттер [27]
Форма входа
E-mail:
Пароль:
Поиск
Друзья сайта
Статистика

Онлайн всего: 6
Гостей: 5
Пользователей: 1
Kyh
Мини-чат
200
Рефераты на казахском и русском языках
Главная » Файлы » Рефераты на казахском языке » Информатика [ Добавить материал ]

Turbo Pascal-дағы жолдық қатарлар
[ Скачать с сервера (22.3Kb) ] Скачивать могут только зарегистрированные пользователи 10.01.2009, 08:44

Turbo Pascal-дағы жолдық қатарлар

 

Жоспары

 

І.       Кіріспе

 

ІІ.      Негізгі бөлім

2.1. Жолдық қатарлар

2.2. Жолдық процедуралар мен фукнциялар

         2.3. Жолдық қатарларға программа құру

         2.4. Жолдық қатарлар мен амалдар орындау

 

        Қорытынды

          

         Пайдаланылған әдебиеттер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

Текстік режимде жұмыс

         Экранда символдардың шығуы мен түзілуі монитордың видеоадаптерінің жұмысына байланысты болады. Компьютерде орнатылған видеоадаптердің көмегімен символдарды текстік немесе графиктік режимде шығаруға болады.

         Көптеген программаларда текстік мәліметтерді Read, Readln, Write, Writeln процедураларының көмегімен енгізу-шығару программаның көрнекі және ыңғайлы болып шығуына жеткіліксіз болып табылады. Сондықтан Turbo Pascal-да текстік режимде жұмыс істеу үшін қолданылатын арнаулы функциялар мен процедуралар қарастырылған. Олар арнаулы CRT (Cathode Ray Tube display – электронды-сәулелі дисплей) библиотекалық модулі құрамында жазылған. Оларды текстік режимде жұмыс істеуге пайдалану үшін программаның басында CRT модулін USES қызметші сөзінде жазып кету керек. Сонда ғана программалауда CRT модулінің барлық процедуралаы мен функцияларын пайдалануға болады.

         Текстік режим кодтық кестенің барлық символдарын экранға шығару үшін қолданылады. Текстік режимнің ең кішкене өлшем бірлігі символ болып табылады. Символдар бірнеше пиксельдерден (нүкте) құралады. Экранда символдар мен терезелердің әртүрлі шығу режимдерін компьютерде орнатылған адаптерлердің типтері анықтайды. Қазіргі шығып жатқан видеоадаптерлердің барлығы да текстік режимде жұмыс істеуге мүмкіндік береді.

 

 

 

 

 

 

2.1. CRT модулінің процедуралары мен функциялары

         Текстік режимді орнату үшін TEXTMODE процедурасы қолданылады. Программалау барысында соңғы орнатылған режим нөмірін LASTMODE функциясымен білуге болады, мысалы:

         TEXTMODE(X);                             // Х – режим нөмірі

         WRITE(LASTMODE);                   // экранға режим нөмірін шығару

         Текстік режим нөмірлері мәндері монитор мен адаптерлер типтеріне байланысты қойылады (мысалы Х-ке 0, 1, 2, 3, 7 немесе Bw40, Co40, Bw80, Co80, Mono, Font8x8 тұрақтыларын беруге болады).

         Экрандағы көріністі өшіріп тазалау үшін CLSSCR процедурасы қолданылады. Бұл процедура экранды немесе ағымдағы терезені тазалап, курсорды экранның сол жақ жоғарғы жағына апарып қояды.

         Курсор тұрған жерден бастап қатардың аяғына дейінгі символдарды өшіру CLREOL процедурасы қолданылады.

         DELLINE процедурасы курсор тұрған қатардың барлығын өшіреді, нәтижесінде кейінгі қатарлар бір позиция төмен жылжиды.

         INSLINE процедурасы курсор тұрған жерге бір бос қатар қояды, нәтижесінде кейінгі қатарлар бір позиция төмен жылжиды.

         Экранда курсорды керекті жерге апарып қою үшін GOTOXY процедурасы қолданылады. Бұл процедура курсорды координаттары өзінде көрсетілген Х және Y мәндері болатын орынға апарып қояды. Координаттарға тек бүтін сандар ғана беруге болады. Текстік режимде координаттардың басы ретінде экранның сол жақ жоғарғы бұрышын X=1 және Y=1 деп алады. Х-тің мәндері солдан оңға қарай, Y-тің мәндері жоғарыдан төмен қарай өседі. X және Y ең үлкен мәндері монитордың адаптерінің жұмыс режиміне байланысты болады. Мысалы 80х25/CGA, EGA, CO80 адаптерлері үшін текстік режимде Xmax=80; Ymax=25.

                   GOTOXY(10,15);

         // курсорды X=10, Y=15 позициясына апарып қояды.

 

         Курсордың тұрған жерін анықтау үшін WHERE функциясы қолданылады, жазылуы:

                   Write(WHEREX, WHEREY);

         // экранға курсор тұрған жердің координаттарының мәндері шығады

        

Сондай-ақ текстік режимде клавиатураның жұмысын басқаратын KEYPRESSED және READKEY логикалық функциялары қолданылады.

KEYPRESSED – егер клавиатураның кез-келген клавишы басылса, онда функицяның мәні «ақиқат» болады, мысалы төмендегі фрагментте цикл клавиатурадан кез-келген клавиш басылғанша орындалады:

USES Crt;

Begin Clrscr;

Repeat

Writeln (‘TEXT’);

Until Keypressed; END.

Категория: Информатика | Добавил: refkaz
Просмотров: 2582 | Загрузок: 641 | Комментарии: 4 | Рейтинг: 3.0/2 |
Всего комментариев: 4
0  
4 динара   (25.11.2011 07:36)
hjxcfjfjxf

0  
3 динара   (25.11.2011 07:35)
ghbdtn

0  
2 Рустем   (02.03.2010 10:32)
скачать кусовой

0  
1 Кенжегуль   (07.02.2009 13:35)
привет

Имя *:
Email:
Код *: