Назарбаев Нұрсұлтан Әбішұлы - Мемлекет және құқық <!--if(Рефераты на казахском языке)-->- Рефераты на казахском языке<!--endif--> - Рефераты на казахском языке - Рефераты на казахском и русском языках
Воскресенье
20.05.2012
13:37
Категории каталога
Қазақ тілі мен әдебиет [112]
Мемлекет және құқық [36]
Педагогика, психология [9]
Дін [1]
Физика, астрономия [19]
Математика [5]
Химия [14]
Философия, социология [12]
Медицина [1]
Тарих [57]
География, геология [20]
Саз-әуен (Музыка) [2]
Информатика [31]
Мәдениеттану [5]
Биология, экология [38]
Экономика [62]
Спорт [1]
Саясаттану [3]
Валеология [8]
Тесттер, билеттер [27]
Форма входа
E-mail:
Пароль:
Поиск
Мировые новости
Статистика

Онлайн всего: 8
Гостей: 8
Пользователей: 0
Мини-чат
200
Рефераты на казахском и русском языках
Главная » Файлы » Рефераты на казахском языке » Мемлекет және құқық [ Добавить материал ]

Назарбаев Нұрсұлтан Әбішұлы
[ Скачать с сервера (13.2Kb) ] Скачивать могут только зарегистрированные пользователи 09.01.2009, 10:25
Назарбаев Нұрсұлтан Әбішұлы
  

Назарбаев Нұрсұлтан Әбішұлы (1940) – тәуелсіз Қазақстанның тұнғыш Президенті. Туып-өскен жері-Алматы облысының Қарасай ауданына қарасты Шамалған ауылы. Днепродзержинск техникалық училищесін (1960), Қарағанды металлургия комбинатына қарасты жоғары техникалық оқу орынын (1967), Кеңес Одағы коммунистік партиясы Орталық комитетіне қарасты Жоғары партия мектебін (1976) бітірген. Экономика ғылымның докторы, академик. Еңбек жолын 1960 жылы Теміртау қаласындағы Қарағанды металлургия комбинатында қатардағы жұмысшы болып бастап, домна пешінің аға газдаушылығына дейінгі жолдан өтті. 1969 жылдан бастап комсомол және партия жұмысына ауысты. Жоғары мемлекеттік және партиялық қызметтерді 1979 жылы Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің хатшысы болып сайланған кезден атқара бастады. Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы Министрлер Кеңесінің төрағасы (1984-1989), әрі Кеңес Одағы Коммунистік партиясы Орталық Комитеті Саяси бюросының мүшесі (1990-1991), Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы Жоғарғы Кеңесінің төрағасы (1990 жылдың ақпан-сәуір айлары) болып қызмет атқарды. Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының Жоғарғы Кеңесі 1990 жылдың 24 сәуірінде Н.Ә.Назарбаевты Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының ең алғашқы Президенті етіп сайлады. Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының Президенті ретіндегі қызметінің заңға сәйкес екенін 1991 жылы 1 желтоқсанда өткен ең алғашқы бүкілхалықтық сайлау одан әрі орнықтыра түсті. Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы атауының Қазақстан Республикасы болып өзгеруіне байланысты Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің қаулысына сәйкес Н.Ә.Назарбаев 1991 жылы 10 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Президенті лауазымымен қызметке кірісті. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Басқолбасшысы, Қазақстан халықтары Ассамблеясының Төрағасы, Қазақтардың Дүние жүзі Қауымдастығының Төрағасы. Қазақстанның, Ресейдің, Өзбекстанның және басқа да бірқатар шет елдің жоғары ордендері мен медальдарымен марапатталған. Нұрсұлтан Әбішұлы әлемнің аса ірі мемлекет басшылары мойындаған қазақ мемлекетінің ең алғашқы басшысы, дүние жүзіне әйгілі саясаткерлердің бірі. Ол ел басқару ісінде халықтың ғасырлар бойы жинақталған бай тәжірибесі мен әлемдік тәжірибені тал бойына тоғыстырған алымды да алғыр басшы. Ел өмірінің алуан салалы тіршілік-тынысын терең білу, маңдай тіреген проблемалардың ең елеулісін тап басып тани алу, ел ішіндік және әлемдік ахуалдармен санаса отырып ұрымтал әрекеттерге бару, сол жолда таңдалған бағытын табандылықпен жүзеге асыру- Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың мемлекет басшысы ретіндегі басты қасиеті.

Категория: Мемлекет және құқық | Добавил: refkaz
Просмотров: 2734 | Загрузок: 459 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 4.0/1 |
Всего комментариев: 1
0  
1 Ainel   (18.02.2009 19:22)
Nujen referat

Имя *:
Email:
Код *: