Химия кешенінің Қазақстандағы болашағы - Химия <!--if(Рефераты на казахском языке)-->- Рефераты на казахском языке<!--endif--> - Рефераты на казахском языке - Рефераты на казахском и русском языках
Воскресенье
20.05.2012
13:57
Категории каталога
Қазақ тілі мен әдебиет [112]
Мемлекет және құқық [36]
Педагогика, психология [9]
Дін [1]
Физика, астрономия [19]
Математика [5]
Химия [14]
Философия, социология [12]
Медицина [1]
Тарих [57]
География, геология [20]
Саз-әуен (Музыка) [2]
Информатика [31]
Мәдениеттану [5]
Биология, экология [38]
Экономика [62]
Спорт [1]
Саясаттану [3]
Валеология [8]
Тесттер, билеттер [27]
Форма входа
E-mail:
Пароль:
Поиск
Мировые новости
Статистика

Онлайн всего: 4
Гостей: 4
Пользователей: 0
Мини-чат
200
Рефераты на казахском и русском языках
Главная » Файлы » Рефераты на казахском языке » Химия [ Добавить материал ]

Химия кешенінің Қазақстандағы болашағы
[ Скачать с сервера (4.9Kb) ] Скачивать могут только зарегистрированные пользователи 08.01.2009, 23:31

Химия кешенінің Қазақстандағы болашағы

 

Келешектің кешенін отандық және шетелдік инвесторлар бірігіп салып, бөлісе иеленетін болады. Ал оның жұмыс істеу жүйесі мен ұстанымдарын айтар болсақ,  оның негізі 2010 жылға дейінгі уақытты қамтитын  Мұнай-химия саласын дамытудың мемлекеттік бағдарламасында қаланып, ол Елбасы берген тапсырмаларға сәйкес жүзеге асуда. Атырау облысында арнайы экономикалық аймақ құрылмақшы. Осы аймақта шағын және орта бизнесті дамыту ойда бар. Жоғарыда аталған зауыт 1,2 миллион тонна мұнай-химия өнімдерін шығарады да, өнімнің бір бөлігін арнайы экономикалық аймақтағы жеке кәсіпорындарға сатады. Ал олар өз кезегінде оны одан әрі өңдеп, дүкен сөрелеріне дейін шығаратын дайын тауар дайындайды. Бұл – мұнай-химия саласын дамытудың басты тұжырымдамасы. Екіншіден, Атырау мұнай өңдеу зауытын одан әрі кеңейтіп, бензол шығару көзделіп отыр. Зауыт былтыр жыл бойы жаңартылды. Бензолды одан әрі өңдеп, одан стирол мен полистирол алады. Өнімнің бұл түрлері үлкен сұранысқа ие. Ақтаудағы ескі зауыттардың бірі жаңартылып, қазірдің өзінде полистирол шығаруда.

Аромат қосындыларын шығару жобасы  қаралып жатыр. Одан бөлек тағы да бірнеше зауыт салу жоспарлануда. Оның ішінде битум шығаратын зауытты айта кеткен жөн. Көлік және коммуникация министрлігіндегі әріптестеріміз жол құрылысы бағдарламасын жүзеге асырып жатыр. Әлемдік сапаға сай жол салу үшін битумның да сапасы жоғары болуы тиіс. Еліміз барлық жол инфрақұрылымын жаңартуды қолға алып отыр. Себебі, біз Еуразия құрлығының ортасында орналасқанбыз. Жүк және жолаушы тасымалы үшін өте қолайлы географиялық жағдайымыз бар. Еуропа мен Азия ортасындағы транзиттік әлеуетіміз жоғары.  Бұдан басқа да жобалары бар. Оларға әзірге техникалық зерттеулер жүргізілуде.

Дүниежүзілік сапаға сай алты-сегіз қондырғы орнатылмақшы. Бір зауытта бірнеше қондырғы болуы мүмкін. Газ-химия кешенінің өзінде үш қондырғы болады. Газды полипропилен мен полиэтилен шығаруға дейін жеткізетін бір қондырғы болса, әлгі екі түрлі өнімді шығаруға тағы да бір-бір қондырғы болады. Әр зауытта екі-үш қондырғыдан алты-жеті, тіпті сегіз қондырғыға дейін болуы мүмкін. Осындай бірқатар зауыттар салынбақ.

Мұнай-химия саласындағы бастамалар мұнай-газ дамуын, сөзсіз, жаңа сатыға көтереді. Сіз меңзеп отырған дайын бұйымның көпшілігін өзімізде шығарсақ деген талпыныс зор. Атап айтсақ, 2005 жылдың сәуі­рінен бастап “Интеркомтаир” АҚ доңғалақ камераларын және түрлі резеңке бұйымдар шығара бастады. “Сараньрезинотехника” және “Қарағандырезинотехника” компаниялары резеңке бұйымдарын шығаруға машықтанған. Ақтаудағы бұрынғы пластмасса зауыты,  қазіргі “Sat Operatіng Aktau” ЖШС полистирол өндіріп жатыр. Ендігі біздің мақсатымыз осы компанияларға өңделген шикізат жеткізу.

Категория: Химия | Добавил: refkaz
Просмотров: 2121 | Загрузок: 368 | Комментарии: 4 | Рейтинг: 5.0/1 |
Всего комментариев: 4
0  
4 Абай   (23.04.2010 22:29)
Маған Химиядан Мұнай.Мұнай өнімдері туралы рефераттар керек еді

0  
3 Раушан   (13.11.2009 12:22)
мұнай туралы материалдар керек еді.

0  
2 Нұргүл   (17.03.2009 14:15)
менің сайтыма түсіріп беріңізші көмір туралы бақылау жұмысы, дипломдық жұмыс

0  
1 Нұргүл   (17.03.2009 14:14)
маған көмір туралы рефераттар немесе дипломдық жұмыс керек

Имя *:
Email:
Код *: