Абелдің математикаға сыйлығы - Математика <!--if(Рефераты на казахском языке)-->- Рефераты на казахском языке<!--endif--> - Рефераты на казахском языке - Рефераты на казахском и русском языках
Воскресенье
20.05.2012
13:58
Категории каталога
Қазақ тілі мен әдебиет [112]
Мемлекет және құқық [36]
Педагогика, психология [9]
Дін [1]
Физика, астрономия [19]
Математика [5]
Химия [14]
Философия, социология [12]
Медицина [1]
Тарих [57]
География, геология [20]
Саз-әуен (Музыка) [2]
Информатика [31]
Мәдениеттану [5]
Биология, экология [38]
Экономика [62]
Спорт [1]
Саясаттану [3]
Валеология [8]
Тесттер, билеттер [27]
Форма входа
E-mail:
Пароль:
Поиск
Мировые новости
Статистика

Онлайн всего: 4
Гостей: 4
Пользователей: 0
Мини-чат
200
Рефераты на казахском и русском языках
Главная » Файлы » Рефераты на казахском языке » Математика [ Добавить материал ]

Абелдің математикаға сыйлығы
[ ] Скачивать могут только зарегистрированные пользователи 14.10.2009, 17:48
қазақ математикасы
7.04.2008 - Абел және Абел математика сыйлығы туралы
“Абел қалдырып кеткен еңбек математиктер үшін 150 жыл жұмыс істеуге жетеді” С.Эермит
А.Абел.(Н.Х.Niels Henrik Abel, 1802-1829)- Норвегияның атақты математигі, осы заман алгебрасының дамуына орасан үлес қосып кеткен ғалым . 1802 жылы 5-тамызда Финней де шала сопы - пастор Сурен Георт Абелдің семьясында дүниеге келген, 1829жылы 6-сәуірде Фолуланда қайтыс болған.13 жасында Ослода діни мектепке түскен, математика мұғалмы Бернт.Микель.Хольмобое оның талантын байқап, оған жетекшілік жасайды, жас шағынан бастап Абел кейбір математикалық есептерге ой жүгірте бастайды.1821 жылы оның талантына тәнті болған бір неше профессордың ұсыныс жасауымен Осло университетіне түседі. Ол университетті өздігінен оқыған, сонымен бірге көп уақытын зерттеуге жұмсаған. 1824 жылы, Абел 5-дәрежелі алгебралық теңдеудің шешуін әдеттегі түбір табу жолымен табуға болмайтынын дәлелдеу барысында, топтарға (Абел тобына) алмастыруға болады деген тұжырымды енгізеді. мақаласы түсінікті болу үшін француз тілінде жариялайды және оны С.Ф. Гауске жіберіп береді, бірақ шетел математиктері ешқандай көмек көрсетпейді.(көмек көрсетпеген не болмаса, оның жазған хаты Гаусқа көп әсер етпеген болуы мүмкін) 1825жылы, ол Берлинге барып, сол жерде А.Л.Креллемен (August Leopold Crelle 1780-1855) танысып ,дос болады. Ол Крелленың атақты «Таза және қолданбалы математика » журналының шығаруына көмектеседі. 1-томында (1826) Абелдің 7 мақаласы жарық көреді, оның ішінде 5-дәрежелы алгебралық теңдеудің шешуі әдеттегі түбір табу жолымен табуға болмайтындығының дәлелдеуі бар еді. кейінгі сандарында Абелдің көп мақаласы жарияланып тұрды. 1826жылы Абел Парижге барып , А.-М.Лежаңдр (legendre, A.-M1 752-833) және А.Л.Коши (Augustin-LouisCauchy) сынды ұлы математиктерге жолығады. Абел элипстік интеграл туралы бір зерттеу мақаласын жазып оны Франция ғылым академиясына табыстайды, бірақ оған ешкім мән бермейді. Ол амалсыздан Берлинге қайтып оралады. 1827 жылы ауырып Берлиннен Норвегияға қайтып барып, семья мұғалымы болып күн көреді. Қайтыс боларының алдында ғана өзге математиктер оның зерттеулеріне назар аудара бастайды. 1828 жылы Франция ғылым академиясының 4 академигі Норвегия патшасына хат жолдап , Абелдің ғылыммен айналысуына барлық шарт - жағдай жасауын өтінеді. А.-М.Лежандр ғылым академиясының жиналысында Абелдің идеяларын қолдап , оның еңбегін жоғары бағалайды. Келесі жылы 6-сәуір күні, 27 жасында Абел қайтыс болады. Берлин университетінің оны оқытушылыққа алғаны туралы хат қайтыс болған күнінің ертесі жетеді. Көзі тірісінде еленбеген еңбектері қайтыс болғаннан кейін, барлық ғалымдардың назарын аудара бастап, оның атақ - даңқы бүкіл Еуропаға тарай бастайды. Абелдің математикадағы зерттеулері көп жақты болған . 5-дәрежелі Алгебралық теңдеуден басқа, одан да жоғары алгебралық теңдеулерін, топтар теориясын, сонымен бірге шексіз қатарларды, олардың қосындысын табудағы кейбір теоремаларды табады. Абел мен Якоби элипстік функция теориясының негізін қалаушылар. Абел элипстік функцияның қосындысы туралы теореманы, қос периодтық қасиетін байқап, оған қоса элипстік интеграл теориясын ортаға қояды. ол туралы С.Эермит (C.Hermite 1822~1901) былай деген еді :”Абел қалдырып кеткен еңбек математиктер үшін 150 жыл жұмыс істеуге жетеді ”
Ерен талант иесіне деген құрметпен оның туылғанына 200 жыл толуына орай 2002 жылы Норвегия үкіметі оның атындағы математиктерге арналған қомақты сыйлық тағайындайды. Қазіргі таңда осы сыйлық математиктерге берілетін сыйақы мөлшері ең көп сыйлық болып табылады. Кейде оны математикадағы “Нобел сыйлығы ” деп те атайды. тсонымен аталмыш сыйлықты алғандардың аттарымен, олардың математикаға қосқан үлестері туралы тоқталсақ:
1. Ең алғаш осы сыйлыққа Француз математигі Ж.Серр (Jean-Pierre Serre) (алгебра мен топтар теориясының және топологияның дамуына қосқан ерекше үлесі үшін) лайықты деп шешім шығарған патшалық ғылым академиясы 2003 жылдың май айында аталмыш сыйлықты оған берді.
2, 2004 жылғы Абел сыйлығының иегері :М.Ф.Атиах пен И.М. Сигнер (Sir Michael Francis Atiyah және Isadore M. Singer.)
3, Математикадағы «Нобел сыйлығының» 2005 жылғы иегері Америка математигі Лакс ! Лакс осы сыйлықты алған кезде79 жаста еді, Норвегия патшасы Харкан аталмыш сыйлықты өз қолымен Лакске беріп тұрып оның дербес туындылы дифференциалдық теңдеулер мен оның шешімі және қолдануы жағындағы жетістікті еңбектерін жоғары бағалады. Бұл жолғы сыйлық қоры шамамен 900,000 доллар . Лакс қазір Нью-Йорк университетінің профессоры, математика саласындағы еңбектерінен : «теориялық математика мен қолданбалы математиканы бірлестіре зерттеу » атты ғылыми еңбегі бар.
4. Норвегия ғылым акедемиасының шешімімен 2006 жылғы Абел сыйлығы Швед математигі Ленард Карлесонға берілді. Ол 1928 жылы 18 наурызда Стокколмде дүниеге келген, 1992 жылы Фуре талдау және комплекстік талдаулар жағындағы орасан зор еңбектері үшін математикадағы Волф сыйлығы берілген. Ал осы жолы оның гармоникалық талдаулар мен динамикалық жүйелердегі зерттеулері үшін Абел сыйлығы беріліп отыр. 1950жылы доктор атағын алған, 1965жылы Фуре талдауындағы Лусин ( Lusin) жорамалын дәлелдеу арқылы осы саланың жаңаша дамуына үлесін қосқан. Сонымен қоса басқада көптеген жетістіктерге жеткен. 1968 жылдан 1984 жылдары аралығында Миттаг-Леффлер атындағы математика зерттеу орталығын басқарған. “Acta Mathematica” журналының бас редакторы болған. 1978жылдан1982 жылдары аралығына халқаралық математика қоғамын басқарды. “Matematik fur ver tid” («Біздің заманның математикасы») атты ғылыми көпшілікті кітабын жазды.
5. 2007 жылғы Абел сыйлығының иегері: Амеррикан математигі: Сриниваса С.Р.Варадхан ( Srinivasa S. R. Varadhan). Ол өзінің осы кезеңге дейінгі зерттеу бағытын ықтималдықтар теориясының мәселелеріне арнаған. Ықтималдықтар теориясының салалануы мен оның қолдануы жағындағы көптеген еңбегі бар.
6. Норвегия ғылым және мәдениет министірлігі (The Norwegian Academy of Science and Letters) осы жылдың Абел сыйлығын Америка математигі Ж. Томпсон мен Француз математигі (John Griggs Thompson , Jacques Tits) берілгенін жариялады. Наурыздың 27күнгі осы туралы тор бетінде материалдар басылды. Екі математикке осы жылы май айының 20 жұлдызында сыйлық табыс етіледі! аталмыш сыйлықты екі ғалымның топтар теориясы мен алгебраның дамуына қосқан үлесі үшін берілді. осы жылғы сыйлық қоры шамамен 1,200,000 АҚШ долларын құрайды. Бұл туралы толық ақпаратты
Категория: Математика | Добавил: Бикоша | Автор: Бикоша
Просмотров: 504 | Загрузок: 0 | Комментарии: 2 | Рейтинг: 0.0/0 |
Всего комментариев: 2
0  
2 айка   (19.03.2012 17:37)
мне очень нравиться ваш сайт

0  
1 Manat   (10.04.2011 16:19)
Категория: Математика | Добавил: Бикоша | Автор: Бикоша [E-mail] ????

Беназир Кажат:
Бұл мақаланы қазақ математикасын қолдау сайтынан алғанан кейін соған сілтеме жасау керек. және ондаға сенің жазып отырғаның не? Абелдің математикаға сыйлығы ? олай емес, Абел математика сыйлығы болу керек.,
қазірден бастап көшірме жұмыспен айналыспауың керек. ұят болады.


Имя *:
Email:
Код *: