Алматы облысы - География и геология <!--if(Казахстанские рефераты)-->- Казахстанские рефераты<!--endif--> - Рефераты на казахском языке - Рефераты на казахском и русском языках
Воскресенье
20.05.2012
14:01
Категории каталога
Химия [2]
История Казахстана [43]
Тесты, вопросники [8]
Казахская литература и язык [20]
География и геология [5]
Юриспруденция [21]
Экология [21]
Экономика и финансы [35]
На английском языке [8]
Красота и мода [2]
Спорт [2]
Форма входа
E-mail:
Пароль:
Поиск
Мировые новости
Статистика

Онлайн всего: 7
Гостей: 7
Пользователей: 0
Мини-чат
200
Рефераты на казахском и русском языках
Главная » Файлы » Казахстанские рефераты » География и геология [ Добавить материал ]

Алматы облысы
[ Скачать с сервера (8.6Kb) ] Скачивать могут только зарегистрированные пользователи 12.02.2010, 15:27
Алматы облысы
Алматы облысы – Қазақстан Республикасының оңтүстік-шығысындағы әкімшілік бөлік. Жерінің аумағы 224 мың км². Облыс аумағында 16 аудан және 3 облыстық бағыныстағы қала (Қапшағай,Талдықорған,Текелі) бар. Тұрғыны 1631,7 мың адам (1998). Әкімшілік орталығы – Алматы қаласы (1,06 млн., 1998). Алматы облысы батысында Жамбыл, солтүстігінде Балқаш көлі арқылы Қарағанды, солтүстік-шығысында Шығыс Қазақстан облыстары мен, шығысында Қытый Халық Республикасымен, оңтүстігінде Қарғызстан Республикасымен шектеседі.
Тарихы. Алматы облысының жері ежелден сақ, үйсін, қаңлы тайпаларының, Ұлы жүз қазақтарының атамекені болды. 19 ғасырдың ортасында Жетісуды патшалық Ресей жаулап алды. 1848 жылы 10 қаңтарда отаршылық-әкімшілік құрылымы – Ұлы Орда приставтығы құрылды. Ол 1856 жылы Алатау округі аталды. 1867 жылы Түркістан генерал-губернаторлығы құрылғанда қазіргі Алматы облысының бірталай бөлігі Верный уезі атанып, Жетісу облысының құрамына кірді. Сонымен қатар орталығы Верный (Алматы) бекінісі болып белгіленген жаңа облысқа Жаркент, Қапал, Сергиополь, Тоқмақ, Ыстықкөл уездері енді. 1882 – 97 жылдары Жетісу облысы Дала генерал-губернаторлығына қарады. 1897 жылдан бастап ол Түркістан генерал-губернаторлығының, 1918 – 24 жылдары Түркістан АКСР-і құрамында болып келді. 1924 жылы Орта Азияда жүргізілген ұлттық-территориялық межелеу нәтижесінде Жетісу облысының қазақ аудандары Қазақ АКСР-іне енді. 1929 – 32 жылы Алматы округі аталды. 1932 жылдың 10 наурызында Алматы облысы қайта құрылды. 1944 жылы 16 наурызда Алматы облысынан Талдықорған облысы бөлініа шықты. Талдықорған облысы 1959 – 67 жылдары Алматы облысы құрамында болып, 1967 жылы 23 желтоқсанда қайта бөлінді. 1997 жылы 22 сәуірде Талдықорған облысы таратылып, оның аудандары Алматы облысына қосылды.
Табиғаты. Облыстың табиғаты мен жер бедері ала құла. Балқаш және Алакөлге ұласатын солтүстігі көлбеуленген құмды жазық алқап. Бұл өңір, негізінен, антропогеннің аллювийлік және эолдық шөгінділерден түзілген. Оның басым бөлігін Сарыесік атырауқұмның, Тауқұмның, Лөкқұмның, Қарақұмның, Қорғанқұмның қырқалы және төбешікті құмды алқаптарды алып жатыр. Балқаш маңы жазығының Іле аңғары өтетін атыраулық бөлігі көне құрғақ арналармен тілімденген. Солтүстік шығыста Жетісу Алатауы мен Барлық тауының аралығында Жетісу (Жоңғар) қақпасы орналасқан. Облыстың шығысын Жетісу Алатауының сілемдері толығымен қамтыған. Олар тауаралық ойпаңдар мен қазаншұңқырлар арқылы бөлінген. Осы тұста Жетісу Алатауының ең биік тауы – Бесбасқан (4442 м) орналасқан. Тау сілемдерінде 1300-ден астам мұздық бар, олардың жалпы ауданы 1,0 мың км²-ге жуық. Жетісу Алатауының кейбір сілемдері (Қолдытау, Алтынемел, Малайсары, Тышқантау, Текелі, Сайқан, т.б.) өзен маңындағы ......
Категория: География и геология | Добавил: birzhan_95
Просмотров: 572 | Загрузок: 111 | Комментарии: 2 | Рейтинг: 4.0/2 |
Всего комментариев: 2
0  
2 Лаура   (02.05.2012 11:49)
Здесь хорошие рефераты!

0  
1 Лаура   (27.01.2012 14:10)
Спасибо

Имя *:
Email:
Код *: