Басқару есебінің объектілері - Экономика и финансы <!--if(Казахстанские рефераты)-->- Казахстанские рефераты<!--endif--> - Рефераты на казахском языке - Рефераты на казахском и русском языках
Воскресенье
20.05.2012
14:02
Категории каталога
Химия [2]
История Казахстана [43]
Тесты, вопросники [8]
Казахская литература и язык [20]
География и геология [5]
Юриспруденция [21]
Экология [21]
Экономика и финансы [35]
На английском языке [8]
Красота и мода [2]
Спорт [2]
Форма входа
E-mail:
Пароль:
Поиск
Мировые новости
Статистика

Онлайн всего: 7
Гостей: 7
Пользователей: 0
Мини-чат
200
Рефераты на казахском и русском языках
Главная » Файлы » Казахстанские рефераты » Экономика и финансы [ Добавить материал ]

Басқару есебінің объектілері
[ ] Скачивать могут только зарегистрированные пользователи 22.12.2009, 11:57
Жоспар
Кіріспе
1 Басқару есебі – бухгалтерлік есеп жүйесінің элементі.
2 Басқару есебінің объектілері, тәсілдері мен міндеттері.
3 Практикалық бөлім.
Қорытынды
Әдебиеттер тізімі

Кіріспе
Бухгалтерлік есепті реформалауда жасалған тұжырымдама міндеттерінің бірі – ішкі ақпараттық жүйе арқылы кәсіпорынды басқаруды жетілдіру болып табылады. Тиімді басқару принциптері мен есепті ұйымдастырудың жаңа амал-тәсілдерінің негізі ретінде Қазақстанда іс-әрекет етушіге неғұрлым жақын еуропалық құрылым алынды.
Нарықтық экономика ресурстың барлық материалдық, еңбек және қаржылық түрлерін ұтымды пайдалануды көздейді, олар кәсіпкерлік іс-әрекеттің күтілетін нәтижесін қамтамасыз етуі тиіс.
Басқару есебі кәсіпорынның қолда бар ресурстарын пайдалануды меншік иесі тарапынан бақылауға бағытталған. Мұнда қорытындыларды, шығындарды және олардың тиімділігін білу маңызды.
Басқару есебінің негізінде қаржылық, материалдық және еңбек ресурстарын тиімді басқару жүйесі жатыр.
Нақ басқару есебі кәсіпорындағы міндетті іс-қызмет процестеріне тығыз байланысты методологияға негізделеді, оның үстіне, басты назар, мысалы, бөлімшелер қызметін бағалау және өнім мен өндірістің пайдалылығын бағалау сияқты аспектілерге байланысты шығындарды басқару есебіне аударылады.
Басқару есебі – экономикалық субъектіні жоспарлау, бақылау және басқару іс-әрекетін реттеу мен шешім қабылдау процесі арқылы басқару. Бұрын көрсетілгендей, отандық бухгалтерлік теория мен практикада «Басқару есебі» ұғымын, салыстырмалы түрде алғанда, жуықта ғана пайда болды.
Басқару есебінің мәні – шығындар мен кірістерді, мөлшерлеуді, жоспарлауды, бақылауды және кәсіпорынның болашақ даму мәселелерін үйлестіру мен шұғыл басқару шешімдері үшін ақпаратты жүйелендіретін талдауға есеп жүйесін біріктіріп кіріктіру.


1. Басқару есебі – бухгалтерлік есеп жүйесінің элементтері
Отандық ұйымдарда бүгінгі уақытқа дейін орталықтандырылған мемлекеттік баға белгілеу жағдайында дұрыс болып шыққан бұйымдар арасындағы қосымша шығындарды бөлу арқылы толық өзіндік құн есебі ғана қолданылады. Меншіктің әр түрлі нысаны ұйымның жекелену, мемлекеттік кәсіпорындарды жекешелендіру процесінің даму, еркін баға белгілеу мен шығарылатын өнім ассортиментін өз бетінше жоспарлау тетіктерін енгізу, нарықтық экономиканың басқа жақтарын дамыту шамасы бойынша бухгалтерлік практиканың жаңа және келешектік бағыттарының бірі - басқару есебіне деген қажеттілік бірте – бірте өсуде.
Қазір кәсіпорындарда өндірістік қызметте: өндірістік бағдарламаларды, өндірістік және әлеуметтік даму жоспарын әзірлеуде, баға саясаты саласында стратегияны белгілеуде заңды және экономикалық дербестік алған. Осыған байланысты басшылардың басқару шешімдерін қабылдау үшін жауапкершілігі өскен.
Шаруашылық дербестік – кәсіпорынның ұйымдастыру формасын, қызмет түрін, бизнес бойынша серіктерді, өткізу нарығын, бағаларды белгілеу және т.б.
Қаржылық дербестік – оның толық өзін – өзі қаржыландыруынан, қаржылық стратегияны, баға белгілеу саясатын жасаудан тұрады.
Осыған байланысты бухгалтерлік қызметтің жеке саласы ретінде басқару есебін құру қажеттілігі пайда болған.
Бухгалтерлік басқару есебі - шаруашылық және қаржылық іс – әрекетпен шұғылданатын әркімге қажет білім саласы.
Шаруашлықы қатынастардың қандай тобы көрсетілуіне байланысты бухгалтерлік есеп екі құрамдас бөлікке бөлінеді: қаржылық есеп пен басқару есебі. Қаржылық есептің мәліметтері салыстырмалы және кәсіпорынның қаржылық жағдайына, оның төлемге және несиеге қабілеттілігіне, оған инвестиция салудың пайдалылығына әділетті баға беру үшін ішкі пайдаланушыларға, инвесторларға, кредиторларға және басқа пайдаланушыларға қажетті ақпарат бөлуге тиіс.
Нарықты экономика кезінде бухгалтерлік ақпаратты пайдаланушыларды екі топқа бөлуге болады:
1. Ұйымды басқаратын ішкі, яғни есепті жүзеге асыратын кәсіпорын құрамындағы пайдаланушылар;
2. Сыртқы, ұйымды басқаратындар, яғни кәсіпорын құрамына кірмейтін пайдаланушылар.
Ішкі пайдаланушылар – жоспарлау, бақылау және шешім қабылдау кезінде есептік ақпаратты барлық денгейде қолданатынректорлар кеңесі, менеджерлер, басшылар және бөлімше мамандары болатын әкімшілік.
Ақпаратты сыртқы пайдаланушылар - тікелей және жанама қаржылық мүддесі бар басқа жақтағы сыртқоры пайдаланушылар. Олар ұйымның басқару қызметкерлері дайындалуы мен ұсынылуы үшін жауапкершілік көтеретін ұйымның қаржылық бухгалтерлік есебінен есептік ақпарат алады.
Әкімшілік және нарықтық экономика жағдайында бухгалтерлік ақпаратты пайдаланушылар
Экономика түрі Пайдаланушылар
ішкі сыртқы
Әкімшілік Кәсіпорын әкімшілігі Салықтық органдар, министірліктер, статистика органдары мен басқадай мемлекеттік органдар
Нарықтық Кәсіпорынның басқару қызметкерлері Инвесторлар, қызметкерлер, қарыз берушілер, жабдықтаушылар, сатып алушылар, мемлекет, қоғамдастықтар.

Сонымен қатар, басқару есебі әдетті бухгалтерлік есептен мәліметтері сыртқы пайдаланушыларға арналмағандығымен, ішкі «қолданыс» үшін екендігімен айрықшаланады. Басқару есебінің мақсаты - басшының дұрыс шешім қабылдауына көмектесу. Басқару есебі – жоспарлау, бақылау, шешім қабылдау сияқты түйінді салада менеджерлерге көмектесу мақсатымен қаржылық ақпарат беру, басқаруды ақпараттық қолдау жүйесінен басқа ештеңе емес.
Қаржылық есептің басым міндеті - алғашқы бірінші топтағы есептерді жасау. Олардың ақпараты ішкі пайдаланушыларға арналған.
Бухгалтерлік басқару есебінің міндеті – екінші және үшінші топтағы есептерді жасау. Олардың ақпараты ішкі пайдаланушыларға арналған, тікелей өдіріс ауқымындағы істердің жайы туралы нақты ақпарат болуы тиіс.
Сонымен, басқару есебі есептеу, жоспарлау, бақылау, кіріс, шығыстарды жолдау жүйесі мен талдаушылық тұрғыдан қажетті шаруашылық іс – әрекеттің қорытындыларын, қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді келешекте кәсіпорын қызметінің қаржылық нәтижелерін оңтайлындыру мақсатымен әр-түрлі басқару шешімдерін шұғыл қабылдау жүйесін көрсетеді.


2 Басқару есебінің объектілері, тәсілдері мен міндеттері.
Басқару есебінің объектілері ұйым мен оның бөлімшелерінің шаруашылық қызметінің қорытындылары мен шығындары, баға белгілеу, бюджеттеу және ішкі есеп беру болып табылады.
Құнды қағаздармен қаржылық операциялар, мүлiктi сату мен сатып алу, жол және лизинг операциялары, еншілес және тәуелді қоғамдарға инвестициялар және т.с.с. басқару есебінің шеңберінен шығады.
Бұрын атап көрсетілгендей, басқару есебінің өpici - есеп беру орталықтарының (ұйым сегментінің) өндірістік іс-әрекеті, сондықтан басқару eceбін кейде жауапкершілік орталықтары жөніндегі есеп немесе сегментік есеп деп те атайды.
Сегменттік есеп - ұйымның жеке құрылымдық бөлімшелерінің қызметі туралы ақпаратты жинау, көрсету және жинақты қорыту жүйесі.
Сегменттік есептің ақпараты фирмашілік басқаруда, сегменттік eceптi құрастыруда, басқарудың әр түрлі деңгейіндегі шығындар мен нәтижелері басқарушылық бақылау жүйесін құру, сондай-ақ қабылданған шешімдерді орындауды бақылау үшін қолданылады.
Басқарушылық бақылау жеке құрылымдық бөлімшелер бойынша кірістер мен шығыстарды реттеу мен бақылау үшін менеджерлер қолданатын ережелер мен олардың бірқатарын өзіне алады. Сегменттік есептің нақты мәліметтері мен жоспарды экономикалық талдау негізінде олар жауапкершілік орталықтарының қызмет нәтижелерін өлшейді және жоспарланған көрсеткіштepгe мәліметтері сәйкес келетіндігі анықтайды.
Басқарушылық бақылау жүйесін ұйымдастыруда сегменттік жоспарлау - құрылымдық бөлімшелер үшін смета (бюджеттердің) Әзірлеу қалыптасу негізі болып қызмет етеді. Басқаша айтсақ сегменттік жоспарлау басқарушылық бақылауды ақпаратпен қамтамасыз ету жүйесінің құрамдас бөлігінің бipi болып табы¬лады. Басқа екі құрамдас бөлiгi болып сегменттік есеп пен сегменттік есеп берушілік шығады.
Ақпаратпен қамтамасыз ету - жүйелі, уақтылы, сыйымды, нысаны мен қабылдануы қарапайым және берілген бөлімшелердің ic-әpeкеті барысын жоспарлау мен бақылау үшін менеджер¬лер қолданатын, қаржылық және қаржылық емес ақпаратты жинау, өңдеу мен беру.
Сегменттік жоспарлау, есептеу мен есеп беруді жүpгiзy бухгалтер-жолдаушының қызметтік міндеттеріне кіреді.
Сегменттік есептеу жүйесінде жиналған және жинақтап қорытылған ақпарат сегменттік есеп беру түрінде мүдделі пайдаланушыларға жеткізіледі, оны жүргізу тәртібін ұйымның өзі дербес (бұған сыртқы қолданушылар үшін осындай есеп беруді ұсыну жағдайлары көрмейді) белгілейді және көбіне кәсіпорынның ұйымдық құрылымына байланысты болады.
Кәсіпорынның ақпараттық жүйесіндегі басқару есебінің объектілері көрсетілетін әр түрлі әдістер мен амалдар басқару есебінің тәсілдері деп аталады. Ол мынадай элементтерден тұрады.
Құжаттама – кәсіпорынның өндірістік қызметін жеткілікті дәрежеде толық көрсететін алғашқы құжаттар мен ақпараттық машиналық атқарушылары.. Кәсіпорын ерекшелігіне сәйкес бастапқы есеп қаржылық және басқару eceбіне арналған ақпараттың негізгі көзі болып табылады.
Түгендеу - объектінің іс жүзіндегі жағдайын, сондай-ақ есептік мәліметтерден ауытқушылықты, есепке алынбаған құндылықтарды, шығындарды, кем шығуды, ұрлықты анықтау тәсілі.
Топтастыру мен жинақтап қорыту, бақылаушы шоттарды пайдалану - белгілі бip белгілер бойынша объекті туралы ақпаратты жинақтауға және жүйелендіруге мүмкіндік беретін тәсіл. Топтастырылған ақпарат ic-әрекет нәтижелерін бағалау мен шұғыл және стратегиялық шешімдер қабылдау үшін тиімді пайдаланады.
Бақылаушы шоттар - сол кезең, операцияларының жиынтық сомасы бойынша жазбалар жасалатын жиынтық шоттар. Бақылаушы шоттар жүйесі қаржылық және басқару eceбi арасын байланыстыратын буын болып шығады және есептік жазбалардың толықтығы мен дұрыстығын анықтауға жол ашады.
Мөлшерлеу (нормалау) – ресурстардың барлық түрлерін тиімді пайдалану мен шығындарды өнімге айналдыратын ең өнімді жолдарды іздестіруді қамтамасыз ететін оңтайлы нормалар мен нормативтерді ғылыми негізделген есептеу пpoцeci. Мөлшерлеусіз қорлар мен iс-жүзіндегі шығындар жағдайын бақылау мен басқару eceбi жүйесін ұйымдастыру мүмкін емес. Мөлшерлер бақылау жүйесінің негізгі ретінде жауапкершілік, азық-түлік және операциялар орталықтары бойынша жіктеледі және топтастырылады.
Ынталандыру – кәсіпорының мақсаты мен міндеттерін анықтауға, осы мақсаттарға сәйкес шешімдер қабылдауға жетелейтін өндірicтік процеске қатысушылардың дәлелдеу (мотивация) құралы. Бұл ретте сметалар мен оларды орындау туралы атқару eceптepi алға шығады.
Сметаларда теңгерімдірілген жоспарлық көрсеткіш болады және олар менеджерлерді кәсіпорын қызметінің түпкілікті мақсатарын орындауға бейімдейді. Атқару eceптepi жоспарланғандарға қатысты нақты нәтижелерді түзетудін негізділігін дәлелдейді және кәсіпорын жеке құралын болашақта болуы ықтимал мәселелерді анықтауға не болмаса ауытқушылықтарды жою жөніндегі шараларды қабылдауға ынталандырады. Ішкі есеп беру менеджерлер жүзеге асыратын бақылау мен реттеу жүйесінің тиімділігін арттыру үшін негіз жасайды.
Жоспарлау – кәсіпорын мүмкіншіліктерін нарық жағдайына сәйкестікке келтіруге бағытталған үздіксіз циклды процесс.
Жоспарлау шаруашылық ic-әрекетінің нәтижелеріне талдау мен статистикалық зерттеуге негізделген кезде ғана тиімді. Талдау басқару есебінің мақсаттарына сай топтасып, өнделген ақпарат мәліметтері бойынша жүргізіледі.
Лимиттеу - қор мен шығындар мөлшері жүйесіне нeгізделген материалдық шығындарды бақылаудың бірінші дәрежесі. Лимит - технологиялық құжаттамамен белгіленген және ендірудің нақтылы ассортиментіне негізделіп, әpбip өндірістік бағдарламасымен жоспарланған өнім арналған ресурстарды жұмсау мөлшері.
Лимиттеу жүйесі - цехқа материалдар босату лимиті есебінен ғана емес, есептік және бақылау операцияларынан да құралуы тиic. Сондықтан басқару есебінде лимиттеуге материалдық шығыстарды қалыптастыруға белсенді әсер етуге мүмкіндік беретін оперативті ақпарат рөлін береді.
Талдау - басқару eceбi тәсілінің бұл элементі арнайы ерекшеліктеріне қарай ic жүзінде оның барлық құрамдастарымен өзара әрекеттеседі. Талдауға барлық кәсіпорынның да, жеке бөлімшелердің де, экономикалық көрсеткіштермен көрсетілген өндірістік қызметі тартылады.
Көрсеткіштерді таңдау басқару жүйесінің мақсаттары мен мүмкіншіліктері анықталады. Талдау процесінде белгіленген жоспарлы тапсырмаларды орындау, тиісті басқару шешімдерін қабылдау үшін өндіріс нәтижелерін өзгертуді тудырған ауытқушылық пен себептер бойынша бөлімшелер арасындағы өзара тәуелділік пен өзара байланыс айқындалады.
Бақылау - пайда болған ауытқуларды ашу мен жоюға мүмкіндік беретін, кәсіпорын қызметін бұрын белгіленген тапсырмаларды орындауға бағыттайтын жоспарлау мен талдауды аяқтау процесі.
Басқару есебінің ақпараты оперативті басқаруда бухгалтерлік мәліметтермен нығайтылады және кейде толықтырады. Өз кезегінде қаржылық есеп мәліметтері жан-жақты қарастырылады; басқару есебінен түсетін ақпаратпен толықтырылады.
Бағалау - шешім қабылдаудың барлық жүйесін талдаудың соңғы процеci; қойылған мақсатқа (кepi байланыс) жету анықталады; ауытқу себептepi: жоспарлау кемшіліктері; оперативті шешімдер санын көбейтуге әкелген ic-қимылдың қолайсыз жақтары; бақылау жүйесінің басқару талаптарына сәйкесіздігі; қате мақсатты таңдау айқындалады.
Тәсілдің барлық элементтері бip-бipнен алшақ емес, басқару міндеттерін шешуге бағытталған ішкі шаруашылық байланыстарын ұйымдастыру жүйесінде әрекет етеді.
Бухгалтерлік басқару есебінде қолданылатын тәсілдер сан алуан:
- бухгалтерлік қаржылық есептің жұмыс әдістері (шоттар
мен екі жақты жазу, түгендеу мен құжаттама, байланысты қорыту мен есеп беру);
- индекстік тәсіл (статистикада қолданылады);
- экономикалық талдау әдістері (нормативті, тізбекті ұластыру т.б.)
- математикалық тәсілдер (корреляция, желілі бағдарламалау, ең аз шаршы әдісі және т.б.)
Олардың барлығы бipтұтac жүйеге бірігіп-кіріктіріледі және кәсіпорынды басқару мақсатында қолданылады.
Қаржылық есеп пайданы анықтау үшін шығындарды Kipicтермен салыстыруды көздейді. Үлкен ассортиментті тауарлар шығаратын немесе көп өндірістік жұмыс тізбеci бар кәсіпорындағы әpбip орындаған жұмыстың құнын бағалағанда әpбip орындалған жұмыстың құнын ескеру қажет. Жасалған жұмыстардың, өндіріс сатысындағы жұмыстың құнынан және пайдаланылмаған шикізат құнынан құралатын жалпы сома ағымдағы кезең шығындарының сомасынан шегерілуге тиістi пайданы анықтағанда, өнім қорының құнын бағалау үшін негіз болады. Бұл жалпы сома балансқа енгізу үшін өнім қоры құнын есептегенде де негіз болып қызмет етеді. Сондықтан құн жасалған жұмыстың немесе өнімнің әpбip түpi бойынша есептеледі, осылайша, қаржылық eceптepi жасау үшін қажет ақпарат дайындалады. Өндірістік есеп (өндірістік шығын eceбi) жүйесі осындай ақпаратты дайындау мен беру үшін құрылған болатын.
Өндірістік есеп мәліметтеріне 1950 жылдары сыртқы пайдаланушылар емес, көбіне ішкі пайдаланушылар қызығушылық танытатын. Кәсіпорын басшылығы үшін өндірістік шығындар жайлы мәліметтерді жинақтау нәтижесінде басқару eceбi жүйесі пайда болған қаржылық есеп жүйесінен гөpi басқа принцип бойынша жүзеге аса бастауға ceбeптi болды.
1972 жыл бухгалтерлік есептің қаржылық және басқару болып ресми бөлінуін жария етті. Бухгалтерлердің американдық ассоциациясы түлектеріне бухгалтер-талдаушы мамандығын бepiп, басқарма eceбi бойынша диплом алу бағдарламасын әзірледі.
Басқару eceбi ұйымның өз шегіндегі басқару үшін қажет есептік ақпараттың барлық тypiн қамтиды. Басқару eceбінің, жалпы өpiciнің бөлігін өнім бipлiгiнeн түсетін түсім мен өндіpicкe жұмсалған шығындарды анықтау мақсатымен бұрын дамыған өндірістік есеп алады. Өндірістік есеп қaзipгi заманғы жағдайларда өндipic шығындары eceбін алдын-ала болжап қана қоймай, үнем туралы мәліметтерді немесе өткен кезеңдердегі мәліметтер немесе болжамдарды, стандарттармен салыстырғанда артық жұмсауды талдауды және шығындарды азайтудың мүмкін болатын резервтерін айқындауды көздейді.
Қазipгi өндірістік есеп үшін шығындардың түрлері; пайда болу орындары; шығарушылар бойынша есептеу нeгiз болып қызмет етеді.
Түрлері бойынша шығындар eceбi eceптi кезеңде өнім өндіру (жұмыс орындау, қызмет көрсету) процесінде кәсіпорында шы¬ғындардың қандай тобы пайда болғанын көрсетеді.
Шығындарды пайда болған орны бойынша есептеу олар жасалған кәсіпорыннын, жеке бөлімшелері (жауапкершілік орталығы) арасында бөлуге мүмкіндік береді.
Шығынды шығарушылар бойынша есептеу қайсыбip нақтылы өнім бірлігін өндіруге немесе белгілі бip тапсырысты орындауға байланысты барлық шығындарды анықтауды көздейді.
Осылайша, бірлігінің өзіндік құнын, оған түсетін пайда мен тиімділік деңгейін өндірістік есеп аясында ғана есептеуге болады.
Уақыт өте келе кәсіпорынды басқару процесі міндеттерді қою тұрғысынан да, оларды шешу жағынан да елеулі өзгерістерге ұшырады. Қазipгi уақытта өндірістік есеп аясы тар мақсат емес. Оның ақпараты жедел өндірістік шешімдер қабылдау үшін менеджерге керек.
Бухгалтерлік басқару есебіне өндірістік есеп пен қаржылық есептің бөлігі (өнім өндірісіне жұмсалған шығын туралы eceптi жасау бойынша) көреді.
Сонымен, басқару есебінің негізгі мақсаттары мен міндеттерiн осылайша тұжырымдауға болады:
- шығындар мен кірістердің біріккен есеп жүйесін құру;
- шығындарды мөлшерлеу (нормалау);
- шығындарды жоспарлау, бақылау және талдау;
- бюджеттеу;
- баға белгілеу үшін негізді қамтамасыз ету;
- жедел басқару шешімдерін қабылдауда қаржылық менеджерлерге ақпараттық көмек беру;
- кәсіпорын кызметінің және жауапкершілік орталығының
экономикалық шешімділігін бақылау, жоспарлау және
болжау;
- кәсіпорын дамуының ең тиімді жолдарын таңдау.
Кәсіпынның басқару жүйелерінің жетілдірілуіне байла¬нысты арнайы әдебиетте және өмірде "контроллинг" (басқару дегенді білдіреді) ұғымы жиі-жиі кездесе бастады. Бұл басқарудың барлық саласы мен денгейін қамтитын шаралар кешені арқылы көрсетілетін, ақпаратты өндеу, талдау, шаруашылық жоспарлау және тиicтi бақылау процестерін біріктіpeтін тәсілдердің бipi.
Кәсіпкердің, маманның, ақпаратты ішкі пайдалануышының қай-қайсысына қажетті ақпараттық база қалыптастыратын негізде шот жүргізу контроллингтің ipгeтacы болып қызмет етеді.
Контроллингті енгізерде шот қызметкерлерінің басқару құрамының кәсіпкерлердің ділін ескеру керек. Кәсіпорында контроллинг бойынша жекелеген бөлімшенің бар екендігі қолайлы құрылым болып табылады.
Контроллингті бақылаумен және тексерумен теңдестіруге болмайды.
Контроллинг жүйесінде есеп пен шығындарды, шаруашылық және қаржылық қызмет нәтижелерін жолдау мәселерімен айналысатын оралымды бақылау көзге айқын түседі.
Талдау бухгалтерлік есеп беру мәліметтеріне негізделеді. Жоспарлы қызмет статистикалық есептерді; көрсеткіштердің нақты мәнін салыстыратын қорытындылар мен жоспарлы мәлiмeттep ұсынылады. Тексерушінің міндеті-талдау негізінде өндіріс пен өткізудің пайдалылығын (рентабельділігін) ұлгайту мен шығындарды қысқарту жөнінде басшыға ұсыныс жасау.
Күрделі өндірісте контроллинг технологиялық тізбек бой¬ынша бөлінеді. Осылайша, еншілес кәсіпорындар барда оралым¬ды басқарудың міндеті іс-қызметінін түпкілікті қаржылық қорытындылары үшін жауапкершілік еншілес кәсіпорындарға жіберілмеуі, ал пайда ішкі бөлімшелер (iшкі шаруашылық есеп) бойынша бөлінеді. Шығындар орталығының қарауында ақша түсімдepi, инвестициялар және бөлімшелер өздерінің ic-әрекетімен бас кәсіпорынның стратегиялық міндеттерінен бөліктенетіндіктен, кәсіпорынның стратегиялық мақсаттарын бақылау болады.
Контроллинг жауапкершілік орталықтары бөлімшелердің өндірістік өткізу шығындарын талдаудан басталады.
Бухгалтер-тексеруші жаңа инвестициялар, жаңа тауарлар мен бұйымдарды сатып алу мен өндіру; өндірістік ассортименттік ҚҰрылымды қалыптастыру, бағаларды негіздеу сияқты көптеген басқару шешімдерін қабылдауға "вето" салу құқыгына ие.
Басшыға ақпарат, қаржылық жоспардың (бюджет) елеулі көрсеткіштepi мен берілген мақсатты жүзеге асыруға арналған шараларды әзірлеуге манызды көңіл бөлінеді.
Контроллинг - кәсіпорынның түпкілікті мақсатын жүзеге асыратын процесс бақылау. "Контроллинг"'- өте кең ұғым. Ол тек кәсіпорыннын, ғана емес, бизнестің де ic-әрекетін реттеуші түрінде алға шығады, сондықтан арнайы ерекшеленген міндетті ic-қызмет саясын атқарады:
- ақпараттық - шешімдерді қабылдау мен оны үйлестірудің методологиясын қамтамасыз ететін ақпарат қалыптасады;
- басқарушылық - кәсіпынның түпкілікті мақсатына жету міндеттері мен әдіс-тәсілдерін үйлестipy үшін қолданылатын, кәсіпорын мен оның құрылымдық бөлімшелері бойынша анықталған ауытқулар, нормативтік, жоспарлық және нақты мәліметтер жиналады;
- бақылаушылық - кәсіпорын мен оның бөлімшелерінің жұмысының үнемділігіне бақылау жүргізеді.
Контроллингтің міндетті ic-қызмет саясы оның басқару eceбi мен тексеруден айрықшылықтарын айқындауға мүмкіндік береді. Басқару есебінің барлық құрамдас бөліктері өзара байланысты, оларда түзілетін ақпарат кәсіпорындағы және тұтастай басқару жүйесіндегі басқару есебінің жетілдіру мен ұйымдастыру деңгейін сипаттайды.
Осылайша кәсіпорынды басқаруға қажетті барлық ақпаратты бухгалтерлер дайындайды, ал мұнымен байланысты кәсіби Қызмет контроллинг деп аталады. Бұған кәсіпорынның есеп бepyiн, қаржылық көрсеткіштерді талдау жасау бойынша жұмыс, жоспарлы жұмыс, сондай-ақ кәсіпорын қызметін бақылаумен байланыстының бapi кіреді.
Әр түрлі мемлекеттердің экономикалық кеңістігінің қосылуы салдарынан "басқару eceбi", "өндірістік есеп", "контроллинг" сияқты ұғымдар мен, терминдерді әр қилы түсіндipy проблемасы пайда болды. Басқару тәсілдері сомасындағы бip елдің мамандарының да олардың мәні жайлы көзқарастары бірдей болмауы мүмкін. Осыған байланысты ұғымдар мен терминдерді ұлттық негізінен ажыратуға болмайды. Басқару eceбi, есеп немесе контроллинг жайлы әр елде, әр турлі құбылысты бip терминмен атауы мүмкін болгандықтан, оларды қайсыбір есептік жүйеге жатқызбай тұрып, айту қиын.
Нарықтық қатынастардың шапшаң дамыған кезінде басқарудың рөлі еседі; өйткені оның құрылымы мен тәсілдерінде сапалық өзгерістер жасауды талап етеді. Есеп, талдау, мөлшерлеу, жоспарлау мен бақылаудың дәстүрлі тәсілдерін ақпаратты алу, өңдеу және шешімдерді қабылдаудың бірынғай жүйенің, кірігу процесі өте тез жүруде. Кәсіпорынды басқаратын жүйе ағымдағы мақсаты пайда алу ғана емес, стратегиялық МІНдеттерді шешуге де бейімделген. Жұмысты басқаратындардың тар ауқымды, ортодоксальды ойлауы емес, жүйелі, кешенді тәсіл басым болатын жүйе қалыптасады. АҚШ-та бұл әділетті (объективті тенденциялар мен процестер негізінде басқару eceбi ретінде белгіленеді, бұл елдегі контроллинг кейіннен кеңінен қарастырылуы, ал басқару eceбi контроллингтін құрамдас жүйесіне кipyi мүмкін екендігін де естен шығаруға болмайды.
Heмic кәсіпорындарын басқару теориясы мен практикасында басқару eceбi ұғымы жоқ. Бухгалтерия қаржылық және өндірістік болып анық бөлінеді. "Контроллинг" терминін немістер ағылшын тілінен алып, онымен кәсіпорынды басқарудағы сапа¬лық жаңа құбылысты белгіледі.
Осылайша, басқару eceбi нарықтық процестерді дамыту мен тереңдету нәтижесінде кәсіпорын мен фирманың практикалық қызметінің элементі ретінде пайда болды. Ол кәсіпорынның қаржылық нәтижелерін оңтайландыру мақсатымен басқарманың объектілері шамасындағы шығындарды талдау, жоспарлау, есептеу жүйесін білдіреді.
Басқару eceбi жинау, тіркеу және ақпаратты жинақтап қо¬рыту жүйесі сөзінің тар мағынасындағы eceбi болып табылмайды. Бұл – бәрінен бұрын әр түрлі жүйе бөлiктepi мен тәсілдерді біртұтас мақсатка жету үшін жұмылдыратын кәсіпорынның басқару жүйесі.
Мұндай жүйе белігін басқару eceбi, пайда басқармасы не¬месе контроллинг деп атауға болады.

Қорытынды
Барлық ұйымдар мен қызметтер өз қызметінде белгілі бір мақсатты көздейді. Оларға жету үшін бухгалтер басқару есебі жөніндегі мамандар – бухгалтер-талдаушылар ұсынатын қажетті ақпаратты білуі керек. Есептің бұл түрі- кәсіпорынның ақпараттық жүйесінің бөлігі, ол басқаларға қарағанда жуықта пайда болуы, дәстүрлі қаржылық есеппен ортақ белгілері бар, алайда соңғысына қарағанда, міндетті болып табылмайды. Ол үшін жалпы қабылданған есептік принциптер маңызды емес,мүдделері жеке-жекеленген және бұрыннан белгілі болуы мүмкін, ақпаратты ішкі пайдаланушылар үшін арналған.
Басқарудан айырмашылығы, қаржылық есептің мәліметтерін ақпаратты сыртқы пайдаланушылар қолданады, сондықтан олар стандартталған және жалпы ережелер бойынша жүргізіледі.
Басқару есебінің мәні – объектілер мен мәлімдемелердің өндірісті басқарудың толық процесіндегі жиынтығы.
Басқару есебінің объектілері – ұйымның шаруашылық қызметінің шығындары мен қорытындылары; баға белгілеу, бюджеттеу мен ішкі есептілік.
Басқару есебінің міндетті мыналар болып табылады: есеп, жоспарлау, бақылау, ұйымның және оның құрылымдық бөлімшелерінің шаруашылық қызметінің шығындары мен нәтижелері туралы мәліметтерін талдау мен бағалау; қажетті басқару шешімдерін шұғыл қабылдау үшін ақпарат ұсыну.
Талдауды өңдеу үшін басқарушы есептік және ақпараттық жүйеде жиналатын мәліметтер мынандай талаптарға сай болуы тиіс: атаулылық, оперативтілік, дер кезінде, айқын сенімділік, релеванттық, пайдылылық, мерзімінен бұрын, талмалылығы, түсініктілік, икемділік, бастамашылдық, үнемділік, жүйелі түсу.


Әдебиттер тізімі
1. Назарова В.Л., Фурсов Д.А., Фурсова С.Д. Управленческий учет. – Алматы, 2004.-308б.
2. Назарова В.Л., М.С. Жапбарханова, Фурсов Д.А., Фурсова С.Д. Басқару есебі. – Алматы, 2005.-298 б.
3. Әбдіманапов Ә.Ә. «Бухгалтерлік есеп теориясы және принциптері» /Ә. Ә. Әбдіманапов. - Алматы: АЙАН, 2001- 353 бет
4. Төлегенов Е.Т., Ауылшаруашылық кәсіпорнындағы бухгалтерлік есеп. Қайнар 1994ж.
5. Радостовец В.К. Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп Алматы 2002ж.
6. Дүйсенбаев К.Ш. Аудит и анализ финансовой отчетности. Алматы Қаржы – қаражат

Категория: Экономика и финансы | Добавил: Lenka
Просмотров: 2291 | Загрузок: 0 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 5.0/1 |
Всего комментариев: 1
0  
1 Сания   (27.03.2012 19:57)
dct

Имя *:
Email:
Код *: