Сценарийлер - Сценарии - Рефераты на казахском языке - Рефераты на казахском и русском языках
Четверг
24.07.2014
06:09
Категории каталога
Сценарийлер [7]
Форма входа
Поиск
Мировые новости
Статистика

Онлайн всего: 0
Гостей: 0
Пользователей: 0
Мини-чат
200
Рефераты на казахском и русском языках
Главная » Файлы » Сценарии » Сценарийлер [ Добавить материал ]

В категории материалов: 7
Показано материалов: 1-7
Страницы: 1

Сортировать по: Названию
Киіз үйді жіліктей білесің бе? («Сарыарқа» күйі ақырын үнтаспада ойнап тұрады) 1- оқушы: Ж. Молдағалиевтің «Мен қазақпын» өлеңінен үзінді оқиды. 2- оқушы: Киіз үйдің сүйегімен таныстырады.Киіз үй ауа райының қандай жағдайындада пайдалануға өте ыңғайлы. Ішіне жарық жақсы түседі, ауа алмасуы талапқа сай, жел, дауылға көп шайқалмайды. Берік, төбесі жадағай емес, күмбез болып келгендіктен жаңбыр өтпейді, жинап тігуге оңай.Киіз үйдің негізгі қаңқасын (кереге, уық, шаңырақ, сықырлауық) сүйегі деп атайды.Киіз үйдің сүйегі жасалатын «үй ағашты» алты ай немесе бір даярлайды.
Сценарийлер | Просмотров: 753 | Загрузок: 157 | Добавил: refkaz | Дата: 27.01.2013 | Комментарии (0)

Кіріспе Қазақ балалар әдебиетінің классигі, тамаша жазушы Бердібек Соқпақбаев тірі болғанда биыл 80 жасқа толар еді. «Жақсының өзі өлсе де сөзі өлмейді» демекші, балалардың сүйікті жазушысы артына «Менің атым Қожа», «Балалық шаққа саяхат», «Қайдасың, Гауһар» және «Ергежейлілер елі» сынды бірқатар әңгіме, хикаялар қалдырды. Балалардың бал мінезін ішкі дүниесімен жақсы сезіне білген жазушы әрбір шығармасында өзі туып өскен Нарынқол таулы өңір табиғатының жанды суреттерін оқырманға үлкен шеберлікпен жеткізе білген. Б.Соқпақбаевтың әңгіме, повесть, романдары және пьесаларында балғын шаққа батыл саяхаттар жасап, таңдандырып, тамсантып, бал дәурен әсерлерінің қаймағын бұзбай, ақиқаттан алшақтамай, балаға тән қиялдап, өмірдің өз болмысын тебірене толғайды. Оқысаң еріксіз езу тарттырып, кейде күрсінтіп терең ойға жетелейді. Лезде кейіпкерлермен етене араласып, олар өзің күнде көріп жүрген адамдардай Беркен, Қожа секілді кейіпкерлерімен жадыңда жатталып қалады... Қазақ балалар әдебиетінің тағы бір классигі Сапарғали Бегалин атындағы Мемлекеттік республикалық балалар кітапханасы қызметкерлері жазушының қазақ әдебиетіне қосылған өміршең өлмес мұраларын жинақтап, зерделей келе «Балалар әдебиетінің бәйтерегі» атты әдістемелік құралды көпшілік назарына ұсынады.
Сценарийлер | Просмотров: 782 | Загрузок: 179 | Добавил: refkaz | Дата: 27.01.2013 | Комментарии (0)

Тақырыбы: Қазақстанның жеті кереметі. Мақсаты: оқушыларды Қазақстанның тарихи мұраларымен таныстырып, мәдениетке дегн қызығушылығын арттырып, тәрбиелеу. 1-оқушы:Бүгін маған керек емес ертегі, Ертегіні өз басымда шертеді. Тарих керек іргетасы халықтың, Іргетассыз қаланбайды ертеңі.
Сценарийлер | Просмотров: 679 | Загрузок: 163 | Добавил: refkaz | Дата: 26.01.2013 | Комментарии (0)

«Ана тілім – ардағым» (Тіл мерекесіне орай өткізілген сыныптан тыс үйірме жұмысының өткізілу барысын әріптестеріме, әсіресе жас мамандарға ұсынамын). Мақсаты: 1. Оқушыларды өз ана тілінің қадір-қасиетін біліп, өз ана тілінің көркемдігін сезініп, сөз құдіретін түсініп, оның адам өміріндегі маңызын ұғуға үйрету. 2. Тіл әуезділігін, көркемдігін, байлығын, шешендігін көрсететін нақыл сөздер, мақал-мәтелдер арқылы оқушы дүниетанымын, ой өрісін дамыту. 3. Тіл тазалығын сақтау, мәдениетті сөйлеу, шешендік өнерді оқушы бойына сіңіре отыра, ана тіліне сүйіспеншілігін қалыптастыру, мемлекеттік тіл мәртебесін көтеруге атсалысуға шақыру.
Сценарийлер | Просмотров: 1683 | Загрузок: 161 | Добавил: refkaz | Дата: 20.01.2013 | Комментарии (0)

Қазақстан – ежелгі ел, бірақ әлемнің қазіргі картасынан ол таяуда ғана, яғни 1991 жылы орын алды. Біздің Отанымыз – егеменді, тәуелсіз Қазақ мемлекеті. Жүз жиырмадан аса ұлт өкілдері тұратын осынау қасиетті мекенде, асқақтаған Алатаулы өлкеде, кеңшілігі керемет, дархан дастарқандай далада, егіні теңіздей толқыған, төрт түлігі мыңғырған, өндірісі өркендеген мекенде өмір сүруші әрбір адам өз Отанын жанындай сүйіп, оның көк байрағын көкке көтеруді мақтаныш тұтады! Еліміз Егемендік алған жылдардан кейін көптеген жетістіктерге қол жеткіздік. Өз тарихымыз, салт-дәстүріміз зерделеніп, жинақталған, кең мағыналы кітаптар, әдеби зерттеулер жарық көре бастады. Қазақстан Республикасы экономикасы, әлеуметтік тұрмысы тұрақты дамып келе жатқан Орта азиядағы беделді мемлекеттер қатарына қосылды.
Сценарийлер | Просмотров: 1884 | Загрузок: 157 | Добавил: refkaz | Дата: 09.01.2013 | Комментарии (0)

11 сыныптарға арналған «Соңғы қоңырау» салтанатты жиынының сценарийі. 2008 жыл. -----Фанфары -----Жүргізушілер шығады: Медетов М.О. және Құдайбергенова Шұғыла. Мият: -Армысыздар, ұстаздар, оқушылар! «Қош бол, алтын ұя мектебім!» атты салатанатты жиынға жиналған қауым. Шұғыла:- Міне тағы бір оқу жылы аяқталып, біздің мектебіміздің 32 түлегі бүгінгі салтанатты жиында балалықпен, мектеппен қоштасқалы тұр. Мият:--Бұл күн – мектеп тарихында , мектеп бітіруші түлектер есінде мәңгі өшпейтін күн. Шұғыла:--Жас жүректің өмірлік құштары –гүл, Бағбан - ұстаз баулыған құстары бұл. Қоштасып бүгінгі күн ұясынан Сол құстардың бір тобы ұшқалы тұр.
Сценарийлер | Просмотров: 3013 | Загрузок: 195 | Добавил: refkaz | Дата: 05.01.2013 | Комментарии (0)

Кіріспе Шүйінші, халқым, шүйінші! Шүйіншіге сүйінші! Шаттан, ата-анамыз, Шаттан, аға-бабамыз, Кек қайтарып фашистен, Соғыс бітті жеңіспен, Жеңдік жауды күресте Жасалсын той-мереке. (Т. Жароков) Міне, Ұлы Отан соғысының жеңіспен аяқталғанына да 60 жыл өтті. Бұл сол кездегі кеңес халқының ержүректілігі мен төзімділіктерін паш ететін, тарихта мәңгілік қалатын күн. Бұл күнді соғыстың алғы шептерінде қайсарлықпен шайқас жүргізіп, ерліктің сан үлгісін көрсеткен ардагерлер тойлайды.
Сценарийлер | Просмотров: 1286 | Загрузок: 197 | Добавил: refkaz | Дата: 05.01.2013 | Комментарии (0)

1-7