|
"Жиын" деген сөз математикада "көптіктің" мағынасында, оның бір баламасы ретінде қолданылады. Ол сөз жоғарыда айтқанымыздай "жинақ", "жиынтық" мағынасын білдіреді. Жиындар алуан-алуан объектілерден құралуы мүмкін, ол объектілер жиынның мүшелері немесе элементтері деп аталады. Мысалы, "адамдар жиыны" тірі табиғат объектілерінен құралса, "кітаптар жиыны" жансыз табиғат объектілерінен құралады.
|